22 апреля 2020 | 17:17

"Шаш арқылы тарайды". Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Көрнекі сурет. Фото: Tengrinews.kz

COVID-19 - бұрын-соңды тарихта болмаған вирус. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 - бұрын-соңды тарихта болмаған вирус. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрғындардан біздің ұсыныстарымызды ұстануын сұраймын. Уақыт өте келе, вирус әлсірейді деп ойлаймын. Бірақ біздің оны күтіп отыруымызға болмайды. Бұл тарихта болмаған вирус екенін түсінуіміз керек. Вирустың таралуының бірнеше жолы бар - ауа-тамшы, аэрогендік және тұрмыстық. Сондықтан жабық ғимараттарға, жұмысқа, рұқсат берілген супермаркеттерге, азық түлік саудасы нысандарына, дәріханаларға барсаңыз, маска мен қолғапты ұмытпаңыз", - деді Бекшин онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, санитар дәрігер вирустың шаш арқылы да тарайтынын ескертті.

"Басшыларға барлық ғимаратты санитарлық құралдармен қамтамасыз етуге талап қойдық. Сауда нысандарында кезекте тұратын адамдар үшін сызықшалар болуы керек. Ал кассирлер маска, қолғап және қалпақпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі вирус шаш арқылы да жұғады", - деді Бекшин.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram