24 апреля 2020 | 18:16

Шаруаларға блокбекеттен өтуге рұқсат берілді

Фото: agroinfo.kz

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі шаруалар блокбекеттен кедергісіз өте алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі шаруалар блокбекеттен кедергісіз өте алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда облыстарда көктемгі егіс жұмыстары басталған. Алайда елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілген соң шаруалардың жүріп-тұруы қиындапты.

Реклама
Реклама

"Егіс жұмыстары бұрын болмаған карантин жағдайында өтіп жатыр. Қазіргі таңда азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылды, блокбекеттен өту қиын. Осыған байланысты фермерлерден, салалық ассоциациялардан көптеген шағым түсті. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың жүріп-тұру алгоритмін әзірледі. Ол мемлекеттік комиссияның 17 сәуірдегі отырысында мақұлданды", - деді бірінші вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол 22 сәуірде ауыл шаруашылығы және ішкі істер министрліктері бірлесіп, кеңес өткізгенін атап өтті. Бұл отырысқа денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысыпты.

"Нәтижесінде блокбекеттер қағаз және электронды рұқсат беретін құжаттармен ескертілуі керек деген шешім қабылданды. Ішкі істер министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің маңызын барлық жергілікті полиция құрылымына түсіндірді", - деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрі премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарындағы блокбекеттердің жұмысын тексерген.

"Онда фермерлер кедергісіз өтіп жатыр. Әрине, блокбекеттерде тараптар арасында түсінбеушілік болуы мүмкін. Ол бойынша біз жедел жұмыс жасаймыз. Шаруаларға көмектесеміз. Қағаз және электронды түрдегі рұқсатпен жүруге болады. Мәселе шешілді", - деп түйіндеді сөзін бірінші вице-министр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram