РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 января 2021 | 11:32

"Серуендеп жүр". Депутат азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражат бөлігін тездетіп беруді сұрады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов премьер-министр Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов премьер-министр Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы 2021 жылдың 2 қаңтарында азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасының бөлігін алу туралы заңға қол қойды. Ол баяғыда заңды күшіне енді. Алайда Үкімет әлі күнге дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қорындағы бірреттік төлемді пайдалана алмай отыр. 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр, олар үйді де таңдап қойды. Ал бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында "серуендеп жүр", - деді Жамалов сауалында.

"Зейнетақы. Сайлау. Ұлттық жоспар". Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында көтерген мәселелер

Депутат Үкіметке тұрғындар тарапынан түрлі ескерту келгенін атап өтті. Азаматтар "Ашық НҚА" порталында 900-ден аса пікір қалдырған.

"Көптеген тұрғын пәтерді 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы болып отыр. Олар өмірде болатын жағдайлар - басқа аймаққа, қалаға көшу, тұрғын үй жағдайын жақсарту секілді жайттар ескерілмегенін атап отыр. Сондай-ақ, азаматтар ақшаны салынып жатқан үйден пәтер алу мен тұрып жатқан үйіне жөндеу жүргізуге алуды қарастыруды сұрайды. (...) Азаматтардың құқығын шектемей, талабына жауап беруді атап өткім келеді. Президенттің тапсырмасы мен азаматтардың күтіп отырғанын ескеріп, 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін зейнетақы қорында жиналған ақшаның бөлігін пайдалану бойынша нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұраймын", - деді депутат.

Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу механизмі қаңтарда дайын болатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети