7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тәжірибе жасалған тұрғындар" тақырыбы қозғалды. Бұл шығарылымда Семей полигоны, Чернобыль апаты талқыланды. Бағдарламаға Семей қаласынан келген Майра Жұмагелді эфирдің кезекті қонағы болды.
7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тәжірибе жасалған тұрғындар" тақырыбы қозғалды. Бұл шығарылымда Семей полигоны, Чернобыль апаты талқыланды. Бағдарламаға Семей қаласынан келген Майра Жұмагелді эфирдің кезекті қонағы болды.
Майра Жұмагелді 26 жастағы қызы Жаннұрдың радиация әсерінен мүгедек болып қалғанын айтты. Майраның сөзіне қарағанда, дәрігерлер баланы мүгедектер үйіне өткізуді ұсынған, алайда ол сәбиінен бас тартпай, өсірген. Қызға микроцефалия диагнозы қойылыпты.
Полигон аймағында тұрған әйелдің айтуынша, шығыс өңірде мүгедек болып қалған жандар жетерлік, тіпті әлі де оның салдары толық жойылды деп айту қиын.
Бағдарлама студиясынна қонақ болып келген мамандар Қазақстан жерінде болған өзге жарылыстар, сынақтар туралы айтып, олардың салдары жайлы әңгімеледі.
Бағдарлама қонағы, эколог Мұсағали Дуанбаев Қазақстанның қауіпті қалаларын атап өтті.
"Өлі қаланың тірі куагерлері" кітабының авторы Марат Жүніс-Бек адамдар өлімі жайлы статистиканы бөлісті.
Айта кету керек, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма күндері аралығы көрсетілетін болды.
"Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Сонымен қатар, телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.