РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 октября 2018 | 20:24

Сегіз жылға сотталып, жазасын колонияда өтеп жатқан жігіт тікелей эфирде басынан өткен оқиғасын баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Темір тордың арғы жағындағы тағдыр" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Темір тордың арғы жағындағы тағдыр" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның қонағы болған Ержан Турабеков 2015 жылы 31 қазанда өз ауылдасымен жанжалдасып қалады. Ауылдасын абайсызда өлтірген Ержан сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталушы 3 жылдан кейін түзету мекемесіне ауысқан. Ол түзету мекемесінде жұмыс істеп, жалақысынан жәбірленушінің отбасына көмек береді. Жәбірленуші тарап Ержаннан 10 миллион теңге қаражат талап еткен. Әйтсе де бұл қаржыны бере алмайтындығын айтқан. Сол себепті оның жаза өтеу мерзімі 8 жылға созылған.  

Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Ержан абайсызда ауылдасын қалай өлтіргенін баяндап берді.  

"Бабатай станциясы деген ауылының тұрғындарымыз ғой. Менен бес жас үлкендігі бар. Сол күні үйге іздеп келіпті. "Бір әңгіме бар" деген соң менің ауламда тұрдық. Ішіп алған екен. Күз мезгілі болған соң, суықтау еді. Ол қалың киініп алған екен. Бір кезде маған қарай пышақ ұрды. Кеудемнің сол жақ тұсын жанап кетті, мен артқа құладым. Сұғып алды деп ойлап, қашып үйге кірдім. Ол да қаша жөнелді. Артынша қуып, тоқтатып алдым. Үйден шамамен қырық метр жерде қайта төбелесе кеттік. Төбелес кезінде оның пышағын тартып алып, басқа бір жаққа лақтырдым. Сосын ұрып құлаттым да үйге кіріп кеттім", - дейді Ержан Турабеков. 

Ержанның айтуынша, ауылдасының қайтыс болғанын учаскелік полицейден естіген және тергеу шаралары басталғанда өзі барып мойындаған.

"Мен сот залында келісімшарт жасасып, мәмілеге келеміз деп ойладым. Барлығын да мойындадым. Алайда олар менен 10 миллион теңгеге жуық қаражат сұрады. Қайтыс болған адамның артында жары мен бір баласы қалды. Бірақ мен ондай соманы тауып бере алмайтынымды жеткіздім. Осы мәселе екі-үш рет қайталанды. Соңында мен кешірімін ала алмадым", - дейді Ержан. 

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының әкімшілік меңгерушісі Роза Байсалбаева бас бостандығынан айырылған жандардың қандай салаға жұмысқа тұра алатындығын айтты. Әйтсе де, басым көпшілігі жүмысқа алушының талаптары жоғары болғандықтан, жұмысқа орналаса алмайтындығын да жасырмады.

ЕЦ-166/22 түзету мекемесі басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Айдын Құмарбекұлы қоныс колониясы жайлы айтып берді.

"Қоныс колониясы дегеніміз түрмеден әлдеқайда жеңілдетілген. Олар қалада жұмыс істейді. Астанадағы қоныс колониясындағылар, жұмысқа шығады. Біз оларды жұмыспен қамтамасыз етіп, кешкілік мекемелерде жалақы алады. Сол жерден түстеніп, колонияға қайтып келеді. Мамандығы бойынша, өздері таңдап алады, негізінде қара жұмысқа барады көбі. Біздің мамандар күніне екі-үш мәрте тексеріп отырады. Бұл кісілер де кезінде осы қоғаммен бірге болды, қандай да бір жағдайға тап болып, басына осындай сынақ түсті. Колонияға тек жеңіл қылмыс жасағандар келеді, бұлар бір зорлықшы немесе атышулы біреу емес", - дейді Айдын Құмарбекұлы. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети