РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 июня 2019 | 18:48

Сайлауға қатысу жайлы қазақстандықтар жиі қоятын 3 сұрақтың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы жексенбіде елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осыған байланысты сайлаушылар сайлау бөлімшесінде бекітілген ережелерді ұстануы қажет. Бұл ережелерді бірі білсе, бірі білмес. Tengrinews.kz тілшісі сайлауға байланысты оқырмандардан келген сұрақтарға жауап іздеді. "Сайлау кезінде іссапарда жүргенде дауысты қалай беруге болады?", "Шетелде тұрсам қай жерде дауыс беремін?", "Денсаулық жағдайыма байланысты үйден шыға алмасам қалай дауыс беремін?" деген сұрақтарға Алматы қаласының сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Алдағы жексенбіде елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осыған байланысты сайлаушылар сайлау бөлімшесінде бекітілген ережелерді ұстануы қажет. Бұл ережелерді бірі білсе, бірі білмес. Tengrinews.kz тілшісі сайлауға байланысты оқырмандардан келген сұрақтарға жауап іздеді. "Сайлау кезінде іссапарда жүргенде дауысты қалай беруге болады?", "Шетелде тұрсам қай жерде дауыс беремін?", "Денсаулық жағдайыма байланысты үйден шыға алмасам қалай дауыс беремін?" деген сұрақтарға Алматы қаласының сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Маманның айтуынша, денсаулық жағдайына байланысты үйінен шыға алмайтын адамдардың да сайлауға қатысуға мүмкіндігі бар. 

"Егер де дауыс беруші сайлау кезінде денсаулық жағдайына байланысты сайлау бөлімшесіне келе алмаса, онда ол басқа адамның көмегіне жүгініп, өтінішті сайлау бөліміне жеткізуі керек. Сондай-ақ науқасқа қарайтын адам да өтініш жаза алады. Осыдан кейін сайлау бөлімшесінің мүшелері олардың үйіне барып, бюллетень тапсырып, дауыстарын қабылдап алады. Арызда аты-жөнін, жеке куәлік мағлұматтары мен жағдайын түсіндіріп жазуы керек. Бірақ оны 9 маусымда сағат 12.00-ге дейін жасап үлгеруі керек. Одан кейін арыз қабылданбайды", - дейді ол. 

Сондай-ақ, Жанна Асанова дауыс беруші іссапармен басқа қалада жүрсе де оның дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін айтты. Ол үшін дауыс беруші сайлаудың алдында бөлімшеге баруы керек.

"Егер бір адам жұмыстарымен еліміздің басқа аймағында уақытша жүрсе, онда ол алдын ала өзі тіркелген сайлау бөлімшесіне барып, есептен шығару талонын алуы керек. Сонымен қатар сенімхат арқылы таныстарыңызға жүгініп есептен шығару талонын алдын ала алдыруға болады. Осы талонды басқа жердегі бөлімшеге көрсету арқылы сайлауға қатыса аласыз. Сондай-ақ дауыс беруге қатысу үшін сайлау уақытында уақытша тұрып жатқан жердегі әкімдікке барып, онда өз жағдайыңызды айтып, сайлаушылар тізіміне енгізумен қатар сайлау бөлімшесін көрсету керек. Осылай да дауыс беру мүмкіндігі бар", - дейді ол.  

Сайлау бөлімшесінің басшысының айтуынша, шетелде жүрген қазақстандықтар да сайлауға қатыса алады. Бұл үшін олар Қазақстанның сол елдегі елшілігіне баруы керек. Дауыс берушіге тек қазақстандық екенін растайтын жеке куәлігі болса жеткілікті.

Сондай-ақ, маман сайлаушылардың бюллетеньді қате белгілеп қойғанда не істеу керек деген сауалдар қоятынын айтты.

"Бюллетеньді бүлдіріп немесе онда қате белгілеп қойған жайдайда, сайлау бөлімшесіндегі қызметкерлерге жүгініп, жаңа бюллетень алуға болады. Бірақ бюллетеньді ұяшыққа салмай тұрып қана алмастыру керек", - дейді маман.

Жанна Асановадан электронды дауыс беру жүйесі елімізде неге енгізілмегенін сұрадық. Маман электронды сайлау жүйесі елімізде 2000 жылы қолданылғанын айтты.

"Электронды дауыс беру жүйесін қолдандық. Бірақ артықшылықтарынан гөрі кемшілік тұстары басым болды. Біріншіден сайлаушылар электронды дауыс беру жүйесі арқылы оның нәтижесі әділ болмауы мүмкін екенін алға тартқан. Сондай-ақ саяси партиялар мен қоғам тарапынан сынға ұшырады. Оған қоса электронды дауыс беру жүйесі көп ресурс пен ақшаны талап етеді", - дейді ол.

Сайлау бөлімшесінде суретке түсіруге бола ма - Дауыс берушіге нұсқау

Айта кетейік, Алматы қаласының сайлау комиссиясының төрағасы тілшімізге берген сұхбатында сайлау бөлімшесінде фото және видеожазба жүргізуге болатынын айтқан еді. Оның сөзінше, сайлау ашық және әділ өтуі үшін БАҚ өкілдері секілді кез келген дауыс беруші де фото және видеожазба жүргізе алады. Себебі дауыс беруші сайлау процесінің мүшесі болып саналады.

"28 қате жіберген үміткер кім?". Президент сайлауы жайлы тест

Еске салайық биыл 9 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау күнін бекіту туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде республикалық телеарналар арқылы айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети