20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Кеше, 22 қарашада сайлаудың қорытынды нәтижесі жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті. Биылғы сайлаудың ерекшелігі - қазақстандықтар "бәріне қарсымын" деген таңдау жасай алды. Сайлау нәтижесі бойынша, 5 пайыздан аса адам "бәріне қарсы" таңдау жасаған. Қазақстандықтардың мұндай таңдау жасауына не себеп? Massaget.kz тілшісі бұл туралы қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім мен саясаттанушы Әділ Сайлаубектің ойын білді.

"Қазақстандықтар "бәріне қарсымын" деген таңдауды әлі түсіне қойған жоқ"
Белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім "бәріне қарсымын" деген таңдауды 50-60 пайыз адам жасайды деп ойлағанын жасырмады.
"Менің ойымша, қазақстандықтар "бәріне қарсымын" деген таңдауды әлі түсіне қойған жоқ. Қарсы болатындар 50-60 пайыз бола ма деп ойлап едім. Себебі Тоқаевқа да қарсылар көп, ал қалған бес кандидат президент боламын деп отырған тұлғалар емес. Сондықтан осы жерде Тоқаевқа қарсылар ма деп ойлаймын", - дейді саясаткер.
"Қарсы болу не наразы болу негізі заңды құбылыс"
Ал саясаттанушы Әділ Сайлаубек биылғы президент сайлауы бұрынғыға қарағанда біраз шынайылығы басымдау болды деп ойлайтынын айтады.
"Себебі Қазақстан бойынша қатысушылар саны 70 пайызға жуық болды. Осы жолғысы әділдікке біраз жақын болды деп санаймын. "Бәріне қарсымын" деген таңдау қашан болар екен деп жүр едік. 600 мыңға жуық адам бәріне қарсымын деп таңдапты. Яғни жасалып жатқан реформалар, жасалып жатқан көптеген шара әлі де болса 5 пайыздан аса адамның көңілінен шықпады дегенді білдіруі мүмкін. Еш нәрсе кемшіліксіз болмайды. Сондықтан осы бағытта уәжін не өтінішін білдірген халықтың ойынан қорытынды жасауымыз керек деп ойлаймын. Әрине, бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес. Қарапайым мысал, 100 адам болса, міндетті түрде оның 10-ы не 20-сы қарсы болуы мүмкін. Дегенмен басым бөлігінң қолдауы - тұрақтылық, бірлік пен тыныштықты қалайтын халықтың ойы деп ойлаймын", - дейді саясаттанушы.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.