РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 марта 2020 | 11:28

Сау болсаңыз, бетперде тағудың қажеті жоқ - Біртанов

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Reuters Көрнекі сурет. © Reuters

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық бетперде тапшылығына қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық бетперде тапшылығына қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің пікірінше, дені сау адамға бетперде тағудың қажеті жоқ.

"Егер сау болсаңыз, сізге бетперде қажет емес. Бүгінде бетпердені медициналық ұйымдарға беруіміз керек. Себебі, ондағы медициналық қызметкерлер түрлі инфекция жұқтырған ауру адамдармен байланыста болады", - деді Елжан Біртанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол тұмау жұқтырған адамдар бетперде тағуы маңызды екенін атап өтті. Алайда халық арасындағы дүрбелең бұл мәселені ушықтырып жіберіпті.

"Сіз ауырсаңыз, жақындарға жұқтырмау үшін бетперде тағу керек. Тіпті, тұмау болса да. Алайда тұрғындар арасында дүрбелең зардабын тигізіп отыр. Себебі адамдар бөлшек саудадағы барлық бетпердені сатып алған", - деді министр.

Біртанов коронавирустан қалай сақтануға болатынын айтты

Бұған дейін АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс та бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтқан болатын. Дәрігер вирустан қорғанудың басты жолы күнделікті гигиена сақтау екенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети