РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 апреля 2019 | 13:22

Санавиация қандай жағдайда шақырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24kz © 24kz

Қазақстанда ауылда тұратындар денсаулығына байланысты ауыр жағдайға тап болды делік. Бірақ жергілікті ауруханада ол кісіге қажетті құрал-жабдықтар, аппараттар жоқ. Аудан орталығына бару ұзақ уақыт алады. Ауру шыдатпайды. Адам өмір мен өлімнің арасында жатыр. Не істейміз? Осында санитариялық авиация көмек болады. Санавиация деген не? Оны қалай шақыру керек? Осы сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Мандат Долаевтан сұрап көрді. 


Қазақстанда ауылда тұратындар денсаулығына байланысты ауыр жағдайға тап болды делік. Бірақ жергілікті ауруханада ол кісіге қажетті құрал-жабдықтар, аппараттар жоқ. Аудан орталығына бару ұзақ уақыт алады. Ауру шыдатпайды. Адам өмір мен өлімнің арасында жатыр. Не істейміз? Осында санитариялық авиация көмек болады. Санавиация деген не? Оны қалай шақыру керек? Осы сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Мандат Долаевтан сұрап көрді. 

Санитарлық авиация - көлік жетімділігі нашар немесе медициналық мекемелерден алыс орналасқан жерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, апатқа ұшыраған жолаушыларды іздеуге және құтқаруға аттанатын, сондай-ақ науқастар мен зардап шеккендерді тез тасымалдауға арналған авиация.

Мандат Долаевтың айтуынша, қазір санавиация жедел жәрдем қызметіне қарайды. 

"Санитариялық авиация халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ, науқастар мен зардап шеккендерді жылдам тасымалдау керек болған жағдайда қолданылады. Бұрында ол облыс орталығына қарайтын, қазір барлығы орталықтандырылды. Қазір санавиация жедел жәрдемге қарайды. Оған елімізде жағдай жасалған, әрбір аудан орталығында ұшақ қондыруға әуежай қарастырылған", - дейді дәрігер. 


© el.kz

Қазақстан Республикасының санитариялық авиациясы көп бөлігінде қан айналымы жүйесі аурулары бар науқастарға, жазатайым оқиғалар, улану және жарақат алу кезінде, жаңа туған нәрестелер және балалар жасындағы патологиялар кезінде, сондай-ақ шұғыл акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 

Санавиацияның артықшылығы - оның жылдамдығында. Науқастардың біразы дәрігер көмегін күте алмай немесе жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей қайтыс болып жатады. Мұндайда адам өмірін сақтауда әуемен келген көмек таптырмас шешім. Бірақ ұшақ немесе тікұшақ науқасқа бара ма, жоқ па, оны аудан дәрігерлері шешеді екен. 


© Pixabay

"Ұшу аппараттарының бағасы, оларды пайдалану және қызмет көрсету құны өте жоғары. Авиациялық отын да қымбатқа шығады. Жұмыс істеу үшін де жоғары білікті қызметкерлер қажет, оларды арнайы дайындықтан өткізу керек. Содықтан санавиация бір қоңыраудан ұшып келмейді. Оны аудан дәрігерлері шешеді. Науқастың арнайы диагнозы болуы керек. Табиғат жағдайлары да қарастырылады. Адам ауыр халде жатқанын жергілікті дәрігерлер хабарлайды. Әрбір өңірдегі медициналық ұйымдарда санитариялық авиация қызметінің үйлестіруші дәрігерлері тартылған. Қажеттілік туған жағдайда үйлестіруші дәрігерлер орталықтың диспетчерлік қызметіне әуе кемесінің ұшуына медициналық ұйым басшысымен алдын ала келісілген шұғыл өтінімді жолдайды", - дейді Мандат Долаев. 

Дәрігердің айтуынша, жедел жәрдем қызметінде барлық саланың дәрігерлері бола бермейді. Сондықтан аурухана мамандары кезекшілік атқарады. Сондай-ақ, ол ұшу құны тегін екенін айта кетті. 

"Науқасты құтқарудың жалғыз жолы тез арада жасалу керек ота болса, әуе кемесі жіберіледі. Алдымен науқасқа не дұрыс болатыны сараланады. Кейде адамды басқа жаққа тасымалдаудан гөрі, орнында ем беру дұрыс шешім болады. Немесе керісінше, мысалы, науқасқа нейрохирургтың көмегі қажет болса, бірақ ауруханада ондай маман болмаса, тасымалдау керек. Жолға шығу туралы шешім қабылданса, ұшақ немесе тікұшақ 15-20 минутта ұшып кетеді", - дейді ол. 


© Pixabay

Республикалық санитариялық авиация орталығының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, әуе көлігін пайдаланумен медициналық көмек көрсету мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  • Жету қиын өңірлерде;
  • Әуе көлігінде санитариялық авиация қызметтерін ұсынатын медициналық ұйымдар орналасқан жерден 150 шақырымнан аса қашықтықтағы науқастарды, босанған әйелдерді және зардап шегушілерді тасымалдау мен шақыртулар үшін;
  • Зақымданулар мен уланулар, пациенттің және қоршаған ортаның денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратын жағдайларда, диагноз қоюда қиындық туған жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде тағайындалған орынға білікті мамандарды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан мамандарды жеткізу үшін;
  • Медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда немесе облыстық, қалалық медициналық ұйымдар деңгейінде осы қызмет түрі болмаған жағдайда пациенттерді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;
  • Қала шетіндегі автомагистралдарда ЖКО болған кезде жедел медициналық көмек көрсету үшін;
  • Уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жол-көлік жарақаттанушылығының профилактикасы мақсатында апаттық-қауіпті учаскелерде автомобиль көлік құралдарының қаладан тыс автомагистралдарда (қалааралық және республикалық маңызы бар жолдар) жаппай қозғалысы уақытында патрульдеу үшін.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген ақпарат бойынша, 2019 жылғы 2 айда санавиациямен 319 ұшып шығу орындалды, 374 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 390 медициналық қызмет орындалды. Ағымдағы кезеңде 298 пациент тасымалданды, 66 кеңес берілді және 26 операция жасалды.

Автор: Камила Долаева 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети