РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 сентября 2020 | 12:18

"Сағындырған дауыстар". Ғасыр куәсі Қазақ радиосы мерейтойын қалай атап өтеді?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Qazaq Radiolary Фото: Qazaq Radiolary

Келер жылы Қазақ радиосы 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Айтулы датаға орай 1 қазанда  "Қазақ радиолары" ЖШС Нұр-Сұлтан және Алматы студияларынан тыңдарманға етене таныс ардагер дикторлар эфирде хабар таратады.


Келер жылы Қазақ радиосы 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Айтулы датаға орай 1 қазанда  "Қазақ радиолары" ЖШС Нұр-Сұлтан және Алматы студияларынан тыңдарманға етене таныс ардагер дикторлар эфирде хабар таратады.

Tengrinews.kz тілшісі ғасыр тарихы бар әуе толқыны мерейтойын қалай атап өтетінін баяндайды.

Қазақ радиосы толқынға қашан шықты?

Биыл 1 қазан Қазақ радиосының әуе толқынына шыққанына 99 жыл. Алғаш 1921 жылдың күзінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Орынбор қаласынан хабар таратқан. 1926 жылы редакция Қызылордаға көшірілді. Ал 1923 жылғы 23 наурызда эфир қазақ тілінде жүргізілді. 1931 жылы Қазақ радиосы Алматыға көшті. 1932-1954 жылдар аралығында Қазақ радиосының өз хоры болды.

Совет кезінде қоңыр дауысы, жағымды үнімімен көпшіліктің көңілінен шыққан жүргізушілер Әнуарбек Байжанбаев, Мұқағали Мақатаев және Ермек Серкебаев, спорт комментаторы Диас Омаров, әншілер Бибигүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, редакторлар Ілия Жақанов, Нұрғали Нүсіпжанов, Намазалы Омашев т.б. болды. 1950 жылдары Әбілахат Есбаев музыкалық редактор қызметін атқарды. 

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап тәулік бойы таратылды. Ал 2012 жылғы 1 қазаннан бастап Нұр-Сұлтандағы "Қазмедиа орталығынан" да хабар таратып келеді. 

QAZAQ RADIOLARY

Ғасыр куәсі болған қара шаңырақ, әр қоғамның тұсында әрқалай дамып, уақыт өткен сайын заман талабына сай жаңғырды. Қазір құрамына 4 бірдей: Qazaq radiosy, Shalqar, Astana, Classic радиосын біріктірген QAZAQ RADIOLARY серіктестігі бүкіл қазақ даласына ақпарат таратады. Qazaq radiosy пандемияға бейімделіп, елдің әлеуметтік, құқықтық тақырыптағы қажетін өтеуге біржолата ден қойды. Ал Shalqar болса,  ұлттық бағыттағы таным, тарих пен пайым-парасаттың өзегіне айналды.

"Қазір "Қазақ радиосы" республика аумағының 89 пайызына тараса, "Шалқар" радиосын елдің 64 пайызы тыңдайды. "Жол картасына" сәйкес 2025 жылға қарай оның деңгейін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Қазір осы мақсатта шекаралық аймақтарда радиосигналдың қамту деңгейін кеңейтуге қатысты бірқатар жұмыс қолға алынды", - дейді "Қазақ радиолары" ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан.

 Тыңдарманға тосынсый

Мерейтойға орай Қазақ радиосының тыңдармандарына арнаған ерекше сыйы бар. 1 қазанда Нұр-Сұлтан және Алматы студияларының эфирінде ардагер дикторлардың дауысы әуе толқынында қайта жаңғырады.

Сатирик Көпен Әмірбек "Қайырлы таңда" тыңдарманға тамаша көңіл-күй сыйласа, барқыт үннің иесі Сауық Жаханова "Жырлайды жүрек" хабарын жүргізеді. Ал Бүркіт Бекмағамбетов, Аманжан Еңсебайұлы және Әбдірәлі Бөлебай сынды дикторлар жаңалықтар жаршысы болып, еліміздегі және жаһандағы соңғы ақпаратпен таныстырады.

"Сондай-ақ Күләш Молдахметова балаларға арналған "Тапқыр бала" хабарын тікелей эфирде жүргізсе, Құсман Игісінов "Түркі әлемі" бағдарламасын дайындайды. Нұржан Мұхамеджанова "Армандастар" хабарының тізгінін ұстайды. Радионың тағы бір топ ардагер журналистері "Достық", "Біз жанбасақ", "Радиомедицина", "Ақ тілек" хабарын жұрт назарына ұсынады. "Қазақ радиосының" ғасырлық мерейтойын атап өту – сағындырған дауыс иелері - аға буын өкілдерінің осылайша эфирмен қайта қауышуымен басталады", - деді Ернұр Бурахан.

Шара мақсаты - Қазақ радиосының алғаш хабар таратқан 1 қазан күніне тарихи тағылымдық тұрғыдан және тұңғыш радио жұмысын насихаттауға басымдық беру.

1 қазан сағат 8.00-ден бастап эфирге шығатын хабарлар мен дикторлар тізімі:

Көпен Әмірбек, Қайрат Мұсақұлов – "Қайырлы таң, Қазақ елі!" хабары;

Сауық Жаханова – "Жырлайды жүрек" хабары;

Бүркіт Бекмағамбетов, Аманжан Еңсебайұлы және Әбдірәлі Бөлебай – жаңалықтар топтамасы;

Күләш Молдахметова – "Тапқыр бала" хабары;

Құсман Игісінов – "Түркі әлемі" хабары;

Нұржан Мұхамеджанова – "Армандастар" хабары;

Ұлжан Пармашқызы – "Достық" хабары;

Қымбат Әбілдақызы – "Біз жанбасақ" хабары;

Еркін Байғабылұлы – "Радиомедицина" хабары;

Қымбат Досжан – "Ақ тілек" хабары;

Руслана Құдайбергенова – "Ел ағалары" хабары.

Бір ғасыр мерейтойды атап өту бойынша мерекелік іс-шаралар өткізудің басты жоспарына сәйкес, 1 қазанда ардагер аға-апайлардың хабар жүргізуі - ұрпақ сабақтастығы және бүгінгі жас радиожурналистерге үлгі болар маңызды бастама.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети