Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды. Онда моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында түрлі тапсырма берді. Оның ішінде ревакцинацияға кірісу, ипотекасы бағдарламасын ашу да бар. Tengrinews.kz тілшісі Президент мәлімдемелері мен тапсырмалары туралы баяндайды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды. Онда моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында түрлі тапсырма берді. Оның ішінде ревакцинацияға кірісу, ипотекасы бағдарламасын ашу да бар. Tengrinews.kz тілшісі Президент мәлімдемелері мен тапсырмалары туралы баяндайды.
"Көші-қон процестерін бақылауға алу маңызды"
Тоқаев жекелеген моноқалалардағы халықтың қысқаруын тоқтату мүмкін емесін айтты. Мұндай қалаларда тасталған пәтерлер мен үйлер пайда болады. Бұл ретте объектілер мен коммуналдық желілерді ұстауға арналған шығыстар бұрынғы деңгейде сақталады.
"Сондықтан ел ішінде де, моноқалалардағы да көші-қон процестерін бақылауға алу маңызды. Біз жекелеген моноқалалар әлеуетінің толық таусылуын күтіп, содан кейін ғана қоныстандыру мәселелерімен айналысуымыз керек", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, даму әлеуеті төмен шалғай моноқалалардың тұрғындарын облыста және өңірлерде қоныстандыру үшін ынталандыратын шаралар қажет.
"Үкіметке өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында даму әлеуеті төмен моноқалаларды кететін өңірлер қатарына қосуды қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.
Фото: akorda.kz
"Моноқалаларда ипотека бағдарламасын көздеу керек"
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды. Тоқаев Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында жеке бөлім даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналуы тиіс екенін айтты.
"Отбасы банк" жүйесінде мұндай тұрғындар үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейінгі жеңілдіктегі ипотека бағдарламасын көздеу керек. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, бұл бастаманы жан-жақты пысықтағаны жөн", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыруда және шағын және орта бизнесті дамытуда жаңа өндіріс орындарын құру жобалары маңызды рөл атқарады. Үкімет 20 мың жұмыс орнын құрумен құны 2 триллион теңгеге 79 жобаны іске асырып жатыр.
"Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің тайыздануы байқалады"
Сонымен қатар, Президент Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің таяздануына қатысты мәлімдеме жасады.
"Трансшекаралық өзендер, әсіресе Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің тайыздануы мен экологиялық жағдайының нашарлағаны байқалады. Бұл көбінесе көршілес елдерден келетін су көлемінің азаюына байланысты, себебі ол жерлерде су тұтыну артты", - деді ол.
Сырдария. Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
Мемлекет басшысы айтқандай, суды тұтынуға деген көзқарастарды, оның ішінде жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы түбегейлі өзгерту қажет, бұл бірінші кезекте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қатысты.
"Су объектілерінің экожүйесін сақтау және ресурстарды ұқыпты пайдалану үшін 120 каналды қайта жаңғыртуды бастау және 9 жаңа суқоймасын салу тапсырдым", - деп қосты Тоқаев.
"Бюджет қаражаты желге ұшты"
Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды тиімсіз пайдалану туралы да пікір білдірді.
"Кейінгі 5 жылда бұл мақсатқа 2 триллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты желге ұшты, қаражат қайда жұмсалғанын тексеретін бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық нәтиже жоқ", - деді Тоқаев.
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді, халық пен шаруалардың өздерін де бұл іске тартуды тапсырғанын еске салды.
"Ревакцинацияға кірісу керек"
Тоқаев ревакцинация науқанын бастау қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін, күн сайын 30-ға жуық өлім-жітім тіркелетінін айтты.
"Мұның бәрі екпе салу қарқынының төмендеуінен болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызға жетті. Әлем елдері халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды, ревакцинация мерзімі жақындағанын ескеріп, үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі керек", - деді Президент.
Фото ©REUTERS
"Жоғары лауазымдардағы сыбайлас жемқорлықтан кем емес"
Президент сыбайлас жемқорлық пен жергілікті басқару органдар туралы айтты.
"Биліктің төменгі және орта басқару органдарындағы, жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлық зияны жоғары лауазымдардағы сыбайлас жемқорлықтан кем емес",- деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жемқорларды ұстаудан басқа, бюрократиялық олқылықтар мен схемаларды, басқару кемшіліктерін жою керек екенін айтты.