РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 июля 2020 | 18:04

Ресейден маска мен дәрі-дәрмек келді. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде бүгін бірнеше тақырып қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелінің 12 көлік туралы жазбасын талқылап, танымал актер Дархан Дайырбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі 8 шілденің басты жаңалықтарына шолу жасады.


Елімізде бүгін бірнеше тақырып қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелінің 12 көлік туралы жазбасын талқылап, танымал актер Дархан Дайырбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі 8 шілденің басты жаңалықтарына шолу жасады.

Коронавирус жұқтырғандар 50 мыңнан асты

Шолуды әдеттегідей коронавирустан бастайық. Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты. Кеше 1376 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 847 тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 73 / 43
Алматы қаласы - 143 / 73
Шымкент қаласы - 65 / 32
Ақмола облысы - 28 / 24
Ақтөбе облысы - 22 / 2
Алматы облысы - 59 / 51
Атырау облысы - 264 / 177
Шығыс Қазақстан облысы - 135 / 69
Жамбыл облысы - 77 / 31
Батыс Қазақстан облысы - 86 / 63
Қарағанды облысы - 184 / 120
Қостанай облысы - 42 / 26
Қызылорда облысы - 31 / 15
Маңғыстау облысы - 82 / 78
Павлодар облысы - 47 / 30
Солтүстік Қазақстан облысы - 28 / 9
Түркістан облысы - 10 / 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 51059-ға жетті. 16 928 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болған.


© Reuters

Танымал актер Дархан Дайырбек көз жұмды

Бүгінгі күн қазақстандықтарды қаралы хабармен қарсы алды. Таңатпай "Терісқақпай" театрының әртісі, "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2" секілді фильмдерде ойнаған танымал актер Дархан Дайырбек қайтыс болғаны туралы хабар жетті.

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып продюсер әрі актер Нұртас Адамбай Facebook желісінде жазған. Ол актердің 8 шілдеге қараған түнде қайтыс болғанын мәлімдеді.

"Бүгін түнде біздің тамаша актеріміз Дархан Дайырбек қайтыс болды. Студиямыз туғаны мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрдайым көңілді әрі жақсы кісі еді. Сол қалпында есімізде қалады. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға және адамдарға деген қарым-қатынасыңызға рақмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Нұртас Абамбай.

Дархан Дайырбектің неден көз жұмғаны белгісіз. Театр және кино актері Ұлан Нүсіпәлі Дархан Дайырбектің індеттен қайтыс болғанын мәлімдеді.

"Қу індеттің құрсауынан сен де шыға алмадың" - өнердегі әріптестері Дархан Дайырбекпен қоштасып жатыр

Бір әкім жазылып, бір әкімнің жағдайы нашарлады

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амантай Баталовтың жағдайы нашарлаған. Ол қазір Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болыпты.

"Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлында коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады", - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

Ал Семей әкімі Ермак Сәлімов аурудан жазылды. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында мәлімдеді. Ол аурумен бір апта бойы күрескен.

"COVID-19 анықтау үшін соңғы тапсырған тесттен кейін мен қатаң түрдегі оқшаулау режимінде болып, дәрігерлердің барлық талабын орындадым. Аталған шаралар менің денсаулығыма оң әсерін тигізді, оны коронавирусқа арналған екінші тест көрсетіп, теріс нәтиже берді", - деп жазды әкім.

12 көлік туралы жазбасы үшін сынға қалды

Бүгін Желіде тағы бір жазба қызу талқыланды. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік желілерде медициналық сақтандыру қоры басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жарының жазбасы талқыланып жатыр.

Қазақстандықтарға журналист және тележүргізуші Гүлбаршын Заированың Instagram желісіндегі парақшасында күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанғаны ұнамай қалған секілді.

Қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова Facebook желісіндегі парақшасында медициналық сақтандыру қоры басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жарының жеке аккаунтындағы жазбаны бөлісті.

Гүлбану Әбенованың бұл реакциясын Желі қолданушылары қолдады. Көптеген пікір қалдырып, репост жасады.

Әбенованың айтуынша, ӘМСҚ басшысының жұбайы осыған дейін де сынға қалған. Ал қазір Гүлбаршын Заированың Instagram желісіндегі парақшасы өшірілген. 

9 медицина қызметкері көз жұмған. Желіде Видео пайда болды 

Желіде жария болған тағы бір видео халықтың талқысына түсті. Facebook-те бірнеше дәрігердің суреті көрсетілген ролик пайда болды. Онда видеодағы дәрігерлердің коронавирустан қайтыс болғаны айтылады.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, роликте көрсетілген 9 дәрігер Шымкенттегі мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істеген.

Олар екіжақты пневмониядан көз жұмған.

"Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында қайтыс болды. Қайтыс болған дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және тағы басқа болып жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екіжақты пневмония себеп болып отыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасында.

Ресей Қазақстанға көмек ретінде маска мен дәрі-дәрмек жіберді

Бүгін Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек келді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапына гуманитарлық жүк жеткізілді.

Гуманитарлық жүктің ішінде не бар? Министрліктің хабарлауынша, Ресейдің гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді.

Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы - "СҚ-Фармация" ЖШС . Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейс келеді деп жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети