РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 июня 2020 | 13:11

Ресей мен Қырғызстаннан келген көліктер 25 миллиард теңгенің салығын төлемеген - Байеділов 

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tengrinews.kz Фото: tengrinews.kz

2019 жылы Ресей мен Қырғызстаннан келген жүк таситын көліктер 25 миллиард теңгенің қосымша құн салығын төлемеген. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2019 жылы Ресей мен Қырғызстаннан келген жүк таситын көліктер 25 миллиард теңгенің қосымша құн салығын төлемеген. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында "Автомобиль көлігі туралы заңға халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды.

Отырыс барысында сенаторлар шекарадағы тауар айналымына байланысты қаржы министрлігіне сауал жолдады. Сұрақтарға қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов жауап берді.

"2019 жылдан бастап, біз Ресей мен Қырғызстан шекараларында елімізге кіріп жатқан тауарларға бақылауды күшейттік. Мониторинг жасадық. Оның қорытындысы бойынша жыл бойы тауар тасымалдаушыларының мемлекетке келген шығыны - 25 миллиард теңге. Яғни Ресей және Қырғызстаннан келген тауарларға салынатын қосымша құн салығынан 25 миллиард теңге түспеген. Бұл шығынды біз анықтадық. Осы шығынды өндіру бойынша тиісті шараны қолдануды бастадық", - деді ол.

Сондай-ақ, шекарада көлік неге кептелісі неге пайда болғанын түсіндірді.

"Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қандай жағдай болып жатқанын естіген шығарсыздар. Оның негізгі себебі, тауарды тасымалдаушылар "Ресейге бара жатырмыз" дейді. Алайда тауардың көбі Қазақстан территориясында қалып қояды. Жалпы статистикаға тоқталайын. Өткен жылы Қырғызстаннан Ресейге өтіп бара жатқан 4500 көлік елімізде қалып қойған. Салдарынан елімізге тиісті салық түспей отыр", - деді қаржы министрінің орынбасары.

Вице-министр қаржыны игеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Біз қаржыны өндіру үшін тиісті шараны қолданып жатырмыз. Келген шығын әлі өндірілген жоқ. Алдағы уақытта оны өндіреміз деп ойлаймыз", - деп түйіндеді сөзін Қанат Байеділов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети