РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 марта 2021 | 10:32

Ресей қорғаныс министрі "Қазақстанды қосып алу" туралы сөздерге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу

Қазақстандық журналист Ақмарал Баталова арнайы Tengrinews.kz үшін Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгудан сұхбат алды. РФ Қорғаныс министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс туралы және Ресей Қазақстанды өзіне қосып алғысы келеді деген ойларға қатысты пікір білдірді.


Қазақстандық журналист Ақмарал Баталова арнайы Tengrinews.kz үшін Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгудан сұхбат алды. РФ Қорғаныс министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс туралы және Ресей Қазақстанды өзіне қосып алғысы келеді деген ойларға қатысты пікір білдірді.

Журналистің бұл сұрағына Шойгу екі ел - бауырлас ел екенін, ал шекара 1998 жылы бекітіліп қойғанын айтып, жауап берді. 

"Ол туралы айта беруге болады, бірақ бізде бұрыннан бауырлас байланыс қалыптасқан. Арамызда бірнәрсені бөлетіндей ешқандай себеп жоқ. Одан бөлек, бізде шекара туралы келісім жасалды және ол, меніңше, 2005 жылы қабылданды. Біздің қарым-қатынасымыз жақсы, оған араласудың не қажеті бар? Жалпы, араласуға қатысты, әсіресе екі дос сөзге келіспей қалған кезде олар танымайтын, достық байланыстарында мүлде көрмейтін үшінші біреу араласа бастайды.  

Мен Украина мен АҚШ туралы айтып тұрмын. Бір күнде бас қосып, бәрі конституция бойынша болады деп алып, кетіп бара жатқан президент, бір жыл ішінде сайлау болып, ал ол сайлауға қатыспайтынын, бәрі жақсы болатынын айтады. Сосын 4 сағаттан кейін оны түкпір-түкпірден іздей бастайды. Сосын бәрін тастап, ұшаққа отырып, кетіп қалады. Осыдан кейін біреу оның бәріне Ресей кінәлі дей ме? Сол жерде болғанның бәріне Ресей кінәлі ме?

Ресей бейбіт қалаларда реактивті жүйелерден оқ атыла басталғанына кінәлі ме? Бейбіт қалалардың үстінен әскери тікұшақтар мен ұшақтар ұшып, атыла басталғанына кінәлі ме? Жігіттер, сендер соған кепілдік беріп, сендер қол қойдыңдар. Ондай болса, жалғастыра беріңдер, соның бәрін жалғастыра беріңдер!", - дейді көрші елдің қорғаныс министрі.

Осыдан кейін ол Ресей үкіметінің мүшесі болғанына 30 жыл болғанын атап өтті.

"Мен Оңтүстік Осетия-Грузия, Абхазия-Грузия, Приднестровье-Молдавия, өзбек-тәжік арасындағы қақтығыс бойынша жұмыс істеуіме тура келді. (...) Яғни ол қиын кездер болатын, бірақ сол кездің өзінде мен бізде бәрі жақсы болатынына, бірге әрі бейбіт өмір сүретінімізге сенімді болдым", - деді министр.    

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети