QazVac салдырғандар жансақтау бөлімінде жатыр ма? Бұл сұраққа ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
QazVac салдырғандар жансақтау бөлімінде жатыр ма? Бұл сұраққа ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шорановтың айтуынша, QazVac салдырған адамдар қайтыс болып, кейбірі жансақтау бөлімінде жатқаны туралы тараған ақпарат - жалған.
"QazVac вакцинасы биыл 26 сәуірден салына бастады, ал екінші компоненті - 17 мамырдан. QazVac салдырған адамдар жансақтау бөлімінде жатыр екен деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деді Марат Шоранов.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамырдың басында жеткізілген. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.
"Қытай вакцинасына QazVac жапсырмасы желімделген". Мамандар түсінік берді