РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 марта 2021 | 17:52

QazVac жаңа штамдарға төтеп бере ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Отандық вакцина барлық мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Отандық вакцина барлық мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Инактивтелген вакцинамыз - тұтас вирионнан жасалатын вакцина. Вирустың ішіндегі барлық ақуыздың спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де біздің вакцинадан пайда болатын иммунитет бүкіл мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте. 

Айта кетейік, отандық вакцинаға QazVac атауы берілді. 

"2,1 миллион адамға тегін беріледі" - коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина туралы не белгілі?

Еске салайық, алғаш қазақстандық вакцина туралы сөз былтыр наурызда қозғала бастаған болатын. Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық биотехнология орталығы әзірлеп жатқаны белгілі болды. Аталған институттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен денсаулық сақтау саласында қауіпті инфекцияларға вакцина әзірлеу бойынша келісім шарты бар.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу 18 мамырда басталды. Ал былтыр қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети