РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 сентября 2019 | 15:35

"Полицейлердің үрейі". Руслан Жанпейісов деген кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Жанпейісов пен жол полицейі Руслан Жанпейісов пен жол полицейі

Шымкентте танымал азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген. Сондай-ақ полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Жанпейісов Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Шымкентте танымал азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген. Сондай-ақ полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Жанпейісов Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тengrinews.kz тілшісі "Охотник за полицейскими" деген атағы шыққан Руслан Жанпейісов туралы мәліметтер жинады.

"Мен полицияны жақтаймын"

Жанпейісов "Степь" сайтына берген сұхбатында өзінің қарапайым қазақ отбасында дүниеге келгенін айтады. Ата-анасы саудамен айналысқан, сондықтан оның балалық шағы Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаумен өткен. Кейін Шымкентке қоныстанған.

8-сыныптан кейін ол Республикалық әскери мектеп-интернатқа түседі. Ал еңбек жолын 20 жасында құрылыс монтажшысы болып бастаған. Өзін қауіпсіздік техникасының маманы ретінде таныстырады.

"Қазір отбасылы адаммын, екі әдемі ханшайымым бар: Данеэлла мен Аружан. Жұбайым қазақ емес, бірақ халыққа мені де қазақ деп айту біраз қиын. Үйреншікті ережелермен өмір сүрмеймін, әр нәрсеге өзіндік көзқарасым бар", - дейді ол өз сұхбатында.

Ол кей кездері қызуқанды, қатаң, турашыл болғанымен, үнемі әділдікті жақтайтынын айтады.

Полицейлермен күресіп жүрген оған халық "Ревизор", "Охотник за полицейскими", "Полицейлердің үрейі" деп лақапат қойған. Бірақ бұл аттар оны ренжітетінін айтады. Себебі бұлай айтып жүргендер оның түпкі мақсатын білмейді.

"Мен полицияны жақтаймын, әрине. Полиция болмаса, хаос болады! Тек бір шарт - полиция қызметкерлері лауазымдарына сай болуы керек. Біздің қазіргі полиция қызметкерлері біреудің асырауына үйреніп қалған", - дейді Жанпейісов.

Қоғам белсендісі ретінде...

Руслан Жанпейісов видеоларын өзінің Youtube-арнасында жариялап тұрады. Ең алғашқы видеосын 2014 жылы 17 сәуірде шығарған. Бүгінде оның арнасына 338 мың адам жазылған. Көптеген видеосының қаралымы миллионнан, тіпті, үш милионнан асқан. Мысалы, оның Қызылорда автовокзалынан түсірген видеосы 3,4 миллион қаралым жинаған.

Өз арнасында қоғам белсендісі жол полицейлерімен кездесулерінің видеосын ғана салмайды. Сонымен қатар, супермаркетте, вокзалда, пойызда және басқа да жерлердегі заңсыздықтарды да түсіреді. Ал биыл Арыстағы жарылыстан кейін сол жаққа барып, қаланың жағдайын түсірген болатын.

Шымкент тұрғыны қала аралап, сол жақтың жолдарында түсірілген жол патруль полициясы қызметкерлерімен кездесулерін өз арнасына жүктейді. Өзінің айтуынша, ол түрлі қалаға патруль полицейлерін әшкерелеу үшін емес, көмек сұраған адамдарға қол ұшын созу үшін барады.

Жанпейісов Instagram желісінде де белсенді. Мұнда оның 188 мың жазылушысы бар. Instagram-парақшасында ол жаңалықтарын бөлісіп отырады. Сондай-ақ жолдағы бассыздықтарды да осы желіге салып тұрады.

Қоғам белсендісін Facebook желісінен де табуға болады. Мұнда да парақшасының контенті басқа желілердегі аккаунтына ұқсас. Мұнда оның жазбаларын достығындағы 4,2 мың адамнан бөлек, 27,5 мың жазылушы бақылап отырады.

Русланды әзіл видеолардан да көруге болады. Ол полицейлерді сомдайтын әзілкештердің вайндарына түсіп тұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dake (@dake.vine)

Бұған дейін де істі болған

Жанпейісов 2017 жылы наурызда тұтқындалған. Оған "Бопсалау" және "Арнайы жазу құралдарын заңсыз пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Русланға тағылған айып бойынша, ол полицейлердің біріне өз телефон шотына 5 мың теңге салуды талап еткен-мыс. Ал тағы бір полицейден 50 мың теңге бопсалап алды деген айып тағылған.

Қоғам белсендісі өз телефон шотына ақша салуды талап етті деген айыппен келіскен жоқ. Ал полицейлердің бірінен 50 мың теңге алғанын мойындады.


© Otyrar.kz

"Маған екі эпизод бойынша айып тағылып отыр. Менің мәжбүрлеуіммен полицейлердің бірі телефон шотыма 5 мың теңге салды дейді. Бұл - өтірік. Ал екінші айып бойынша: иә, полицейден 50 мың теңге алғаным рас. Бірақ оны өзім сұрағаным жоқ. Полицейдің өзі ал деп, жалынған соң, алдым", - деген еді ол сотта.

Алты ай тергеу изоляторында отырған оған сол жылы қыркүйекте үкім шықты. Судья оны екі бап бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырған. Прокурор оның мал-мүлкін тәркілеуді сұрағанымен, судья оны қанағаттандырмады.

Соттан шыққаннан кейін Руслан Жанпейісов қоғамдағы әділетсіздіктермен күресуін тоқтатпайтынын мәлімдеген еді. Бүгінге дейін ол қала аралап, жол полицейлерін әшкерелеп жүр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети