19 августа 2020 | 18:10

Пневмония анықталғандар саны неге күрт өсті? Күннің басты жаңалықтары

Соңғы бір тәулікте елімізде пневмония коронавирусқа қарағанда төрт есе көп анықталған. Елде пневмония диагнозы қойылғандар саны 20 мыңға жуықтады. Сонымен қатар, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестің бес бағытын атады. Tengrinews.kz тілшісі 19 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы бір тәулікте елімізде пневмония коронавирусқа қарағанда төрт есе көп анықталған. Елде пневмония диагнозы қойылғандар саны 20 мыңға жуықтады. Сонымен қатар, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестің бес бағытын атады. Tengrinews.kz тілшісі 19 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасады.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,5 мыңға таяды

Реклама
Реклама

Қазақстанда өткен тәулікте 271 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 148 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 27 / 13
Алматы қаласы - 22 / 17
Шымкент қаласы - 3 / 2
Ақмола облысы - 16 / 9
Ақтөбе облысы - 5 / 4
Алматы облысы - 16 / 13
Атырау облысы - 17 / 14
Шығыс Қазақстан облысы - 30 / 11
Жамбыл облысы - 9 / 7
Батыс Қазақстан облысы - 28 / 20
Қарағанды облысы - 27 / 17
Қостанай облысы - 14 / 1
Қызылорда облысы - 2 / 2
Маңғыстау облысы - 8 / 8
Павлодар облысы - 7 / 2
Солтүстік Қазақстан облысы - 18 / 4
Түркістан облысы - 22 / 4.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 103 571-ге жетті. Оның ішінде 86 286 науқас аурудан жазылған. 1 446 адам көз жұмған.


© Тұрар Қазанғапов

Пневмония анықталғандар саны неге күрт өсті?

Ал 1 тамыздан бері есептелетін пневмония 19 754 адамнан табылған. 231 адам көз жұмған. Соңғы бір тәулікте елімізде 1 081 адамнан пневмония анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов 18 тамызда пневмония анықталған науқастардың саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді.

"Мұндай жоғары көрсеткіштерді біз демалыс күндері аламыз. Апта басында мұндай өсім байқалуы мүмкін. Көбі демалыс күндері медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады, тіпті белгілер пайда болған жағдайда да ауруханаға бармай қалып жатады. Оған қоса, сенбі-жексенбі күндері емханалар жабық, сондықтан дүйсенбі-сейсенбі күндері көптеген адам келеді. Осыған байланысты осындай өсім тіркеледі", - деді министрліктің ресми өкілі.


© Тұрар Қазанғапов

Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады. Тоқаев жемқорлықпен күресте ешқандай көзбояушылыққа, "бармақ басты, көз қысты" әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екенін ескертті.

Ақорда мәліметі бойынша, былтырмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан екен.

"Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз. Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай мәселелерге  болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды", - деді Тоқаев.

Осылайша, Президент жемқорлықпен күрестің 5 бағытын айтты:

Бірінші. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға  ерекше мән берген жөн.
Екінші. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Үшінші. Мемлекеттік қызметтерді жедел цифрландыру.
Төртінші. Бизнесті қорғау.
Бесінші. Қоғамдық бақылауды күшейту.

Тоқаев ұсынған бес бағыт туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.

Желідегі тағы бір фейк - "Жарты жыл бойы су ішуге болмайды"

Соңғы уақытта қазақстандықтар арасында желіде белгісіз бір әйелдің уланған суды ішпеуді сұрағаны жазылған аудиохабарлама тарап жатыр. Аудиожазбада белгісіз әйел вирусологпен сөйлесіп, ол айтқан құпия мәліметті бөлісіп жатқанын айтады.

"Қымбатты туыстарым, сіздерге бір жаңалық айтқым келеді. Мен вирусологпен сөйлестім. Оның айтуынша, жарты жыл бойы су ішуге болмайды, диспансерлік су болсын, ішуге болмайды! Тек қайнаған су ішіңіздер. Су арқылы олар бәрін және барлығын улайды. Қазір балалар мен жастарды улап жатыр. Тіпті балалар үшін ауруханада бөлмелер дайындап жатыр. Балаларыңызды қорғаңыздар. Үйден шықпасын. Дүйсенбіден бастап бәрін улап жатыр. Маскасыз жүрмеңіздер", - деп келтіреді хабарламада вирусологтың сөздерін.

Денсаулық сақтау министрлігі болса бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті WhatsApp мессенджеріндегі улайтын су туралы аудиохабарлама бойынша бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - деді министрліктегілер.

"2 жасы атап өтілген" шұңқыр жөнделетін болды

Желіде Алматыда түсірілген бір видео тараған еді. Онда балалар қолдарына шар мен плакат алып, жолдағы шұңқырды екі жасқа толуымен құттықтайды.

Бұл шұңқыр бастапқыда ойлағандай Алматыда емес, Алматы облысының Көксай кентіндегі Пушкин көшесінде орналасқаны белгілі болды. Бұл туралы роликтің авторы айтты.

"Аты-жөнімді көрсеткендеріңізді қаламаймын, себебі халық мені пиар жасап жатыр деп ойлайды. Бірақ мен осы жолды жөндегім келеді. Сонда досым тұрады. Ол менен осы мәселені шешуді сұрады. Мен торт пен шарларды сатып алдым, жазба дайындап, сол жақтағы балаларға бердім. Жалпы бұл шұңқырға екі жылдан асты", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 15 Авг 2020 в 2:49 PDT

Алматы облысының әкімдігінің өкілдері жақында Пушкин көшесі жөнделетінін айтады.

"Осы жылы Көксайдағы Наурызбай батыр көшесіне асфальт төсеу жоспарланған. Пушкин көшесіндегі бұл шұңқыр да осы ауылда орналасқан, онда шұңқырларға жөндеу жүргізіледі", - деді Алматы облысы Қарасай ауданының баспасөз қызметіндегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram