РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 января 2020 | 17:56

Педагог мәртебесін көтеру туралы заң. Енді мұғалімдерге қандай жағдай жасалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

31 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты. Tengrinews.kz тілшісі "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасының жаңашылдықтарына тоқталды. 


31 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты. Tengrinews.kz тілшісі "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасының жаңашылдықтарына тоқталды. 

Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды:

Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;
Төртінші, материалдық ыңталандыру.

Заңда орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін не көзделген?

Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады. 

Үлгілік оқу жоспарлары төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі. 

Заң аясында қосымша ақы төленеді:

1. Тәлімгерлік үшін - 1 базалық лауазымдық жалақы, яғни 17 мың теңге төленеді.

2. Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі.

3. Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді. 

4. Магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек. 

5. Сонымен қатар, педагогтер сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады. 

6. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты үшін жалақы арттырылады.

7. "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. 

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін көзделген шаралар:

 

Ең алдымен Заңда педагогтердің еңбек демалысын кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген. Мектепке дейінгі ұйым ұстаздарының педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі. Бұл санаттағы мұғалімдердің балаларына мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беру мүмкіндігі қарастырылған. 

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне де 2020 жылы жалақысы 25 пайызға өсіп, төрт жылдың ішінде екі есе арттырылады. Бұл санаттағы мұғалімдер міндетіне кірмейтін функцияларға тартудан қорғау және қарастырылмаған есептіліктен босату көзделген. 

Айта кетейік, бұл өзгерістер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне де қатысты. 

Білім және ғылым министрінің сөзінше, Заң қаржымен толығымен қамтамасыз етілген. Жалпы, 2024 жылға дейін 5 триллион 3 миллиард теңге осы нормаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінеді. 

Бұдан басқа, ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбасылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети