Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов өңірде бір адамның коронавирусты қалай жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов өңірде бір адамның коронавирусты қалай жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, науқас Нұр-Сұлтан қаласында қауіпті індетті жұқтырған адаммен байланыста болған.
"27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылғы тұрғынында коронавирус инфекциясы анықталды. Осыған дейін ер азамат Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланысқа түскен. Науқас бекітілген алгоритмге сәйкес, инфекциялық госпитальге жатқызылды", - деді Біржан Досмаилов.
Ол қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты екенін жеткізді.
"Оның жағдайы бірқалыпты. Дене температурасы тиісті деңгейде. Ол денсаулығына шағымданған жоқ", - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 125-ке жетті. Бір адам қайтыс болды.