РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 марта 2024 | 09:28

Павлодар облысында жылқы қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Павлодар облысының бірнеше ауданында жылқы жайылымнан қалды. Тебіндей алмай үйірдегі тай жабағылар құлап жатыр. Ал, жас байталдар құлын тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Павлодар облысының бірнеше ауданында жылқы жайылымнан қалды. Тебіндей алмай үйірдегі тай жабағылар құлап жатыр. Ал, жас байталдар құлын тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Әзірге шығынның нақты саны белгісіз. Тебін ашу үшін Екібастұз, Ақтоғай, Ертіс, Железинка аудандарының шаруалары арнайы техниканы жалға алып, қар ашу жұмыстарын ұйымдастыруға мәжбүр.
Өңірде нақты қанша жылқы өлгені жайлы ақпарат жоқ.

Фото: Massaget.kz

"Железин ауданының даласы жылқының жемтігіне айналды. Әйтсе де, билік бұған аса назар аудармай отыр. Қазірден бастап шаруаларға көмек көрсетпесе іс насырға шауып 2012 жылғы жағдай қайталануы әбден мүмкін. Сол жылы жылқылар жаппай қырылып, жұт болғаны ел есінде", - дейді Железин ауданының белсендісі Аманжол Хамит.

Жергілікті әкімдіктер жем азықтан тарыққан шаруашылықтардың тізімін дайындады. Қазір оларға тауарлық несие түрінде арпа мен бидайдың жармасы беріліп жатыр. Өсімі жоқ тауарлы несиені фермерлер келер күзде қайтарады. Ақшалай немесе астықпен де есеп айырысуға болады.

"Әр округте жылқы малына қиын болып тұр. Тебіндегі малдың бәріне қиын биылғы құрғақшылықтан кейін. Сондықтан осындай кезде бірігіп, сондай азаматтарға көмектесу керек. Ол қиын жағдай енді", - дейді шаруа қожалық басшысы Жұмабай Әбелдінов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети