24 августа 2020 | 09:05

Пандемияда жұмыстан шығып қалған жағдайда өтемақы талап етуге бола ма? Заңгер түсіндірді

Қазақстанда жеті айда жұмыссыздар саны 8 есе көбейген, яғни карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған, 800 мыңнан аса бизнес нысаны жұмысын уақытша тоқтатып, кейбірі тіпті жабылған. Пандемияда жұмыстан шығып қалған жағдайда немесе компания жұмысын тоқтатса, қызметкер қандай өтемақы талап ете алады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі заңгер Нариман Сүлейменов айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сүлейменов пандемияда жұмыстан айырылғандарға әрқайсына заң бойынша кем дегенде ең төмен жалақы мөлшері төленуі керегін айтады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі пандемияда компания қызметін уақытша тоқтатып, қызметкер жұмыссыз қалса, ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 10-тармағы ("бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы") бойынша қызметкерге міндетті түрде заң тұрғысында өтемақы берілуі керек.

Компания қызметін уақытша тоқтатқанда салық аударымдары жүргізіледі, сондықтан қызметкер жұмыстан шығарылмайды, яғни еңбек келісімшарты бұзылмайды. Бірақ бұл жағдайда басшылық кем дегенде ең төмен жалақы - 42 500 теңге төлеуі қажет. Ал егер қызметкер компания уақытша жұмысты тоқтатқан кезде жалақының сақталуынсыз берілетін демалысқа шықса жұмыс беруші оған қандай да бір төлем жасауға міндетті емес", - дейді заңгер.

Маман компания уақытша тоқтатылған болса да ол жалақы табелінде көрсетілуі керегін айтады.

Сүлейменовтің айтуынша, қызметкер өз еркімен жұмыстан шыққан жағдайда бір айлық еңбек демалысына тең төлемді алуға құқы бар. Ал кей мемлекеттік қызметкер үш айлық жалақысын алуы мүмкін. 

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram