11 октября 2021 | 12:08

"Өзін-өзі алдау" - Цой жалған вакцинация құжаттары туралы

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасауды тоқтату бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасауды тоқтату бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Білесіздер ме, шектеу құқығы бар құжаттарға байланысты өз ісіне адал қарамайтын әріптестеріміз де бар болып жатады, ол бизнес индустрияға айналып кеткен. Бірінші болып тәртіп сақшыларына осы мәселені көтерген өзіміз, яғни "тазалау" жұмыстарын жүргізу үшін жұмысты шұғыл бастау керек болды. 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы жалған ПТР-анықтамасына байланысты болса, қалған жартысы жалған вакцинация паспортына қатысты. Әрбірі қарастырылып жатыр. Соттың шешімі шыға сала жалған құжаттар базадан алынады. Әр жағдайды қатаң бақылаймыз. Бүгінде әрбір кабинетте камера қойылған. Одан бөлек, ішкі бақылау бар. Яғни Денсаулық сақтау басқармалары да тексереді. Шыны керек, халыққа бұл өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысып жатырмыз", - деді Алексей Цой Мәжілістің үкімет отырысында. 

"Бас бостандығынан айыру, айыппұл". Шетелде жалған вакцина паспорты үшін қандай жаза бар?

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда да вакцинация паспортын қолдан жасағандар қылмыстық жазаға тартылады. Мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram