РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 июля 2020 | 17:33

Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды - вице-министр

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға оттегі баллонын үйде қолдануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға оттегі баллонын үйде қолдануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен ол "оттегінің бір баллоны қанша науқасқа жетеді?" деген сауалға жауап берді.

"Дәрігер оттегінің мөлшерін науқастың жасына, салмағына және өкпесінің қаншалықты зақымданғанына ескере отырып береді. Сондықтан бір оттегі баллонының қанша науқасқа жететінін айту мүмкін емес. Ол дәрігерге байланысты", - деді вице-министр ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ажар Ғиният қазақстандықтарға оттегі баллонын үйде пайдалануға болмайтынын ескертті.

"Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды. Ол жарылуы мүмкін. Қазір оттегі концентраты деген аппараттар шығып жатыр. Оның 5 литрлік түрі бар. Оны үйде қолдануға болады", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келе жатқанын, қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша 7,2 миллиард теңге бөлінгенін айтқан еді.

Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді.

Сонымен қатар, өткен аптада денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін мәлімдеген. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 45 376 науқас айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети