РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 мая 2020 | 16:03

"Өте қауіпті". Облыстар арасында көлікпен жүруге неге рұқсат берілмей отырғаны айтылды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев облыстар арасында көлікпен жүруге неге рұқсат берілмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев облыстар арасында көлікпен жүруге неге рұқсат берілмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, көлікпен жүруге рұқсат беру тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

"Қазіргі таңда өңірлер арасында көлік және теміржол байланысын қалыпқа келтіру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Біз түсінуіміз керек. (Егер рұқсат берілсе - автор) адамдар жаппай көлігін пайдаланып, бір өңірден екінші өңірге барады. Бірақ ол адамның осыған дейін қайда болғанын, кіммен байланыс жасағанын ешкім білмейді ғой. Бұл - өте қауіпті", - деді ол министрліктің Facebook желісінде өткен брифингте.

Осы орайда Тимур Сұлтанғазиев әуе байланысының қалыпқа келуіне байланысты пікір білдірді.

"Коронавируқа жағдай әр өңірде әртүрлі. Мысалы, Шымкент, Атырау облысында короновирус жұқтыру өсімі байқалады. Яғни карантин талабының жеңілдеуі, өңірлер арасындағы блокбекеттердің алынуы инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін. Мысалы, Шымкент қаласына Түркістан облысынан немесе Атырау облысынан жақын маңдағы өңірлерге вирус тарауы ықтимал. Мұны түсіну керек. Әуе рейстерінің саны өсті. Алайда ұшақта отыру аз уақытты алады. Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Алматыға 1,5 сағатта ұшып баруға болады. Мұнда ауруды жұқтыру қаупі төмен", - деді комитет төрағасы. 

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440-қа жетті. 3 256 науқас айықты, 34 адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети