РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июня 2021 | 16:32

Өте қауіпті, біреуден 5-6 адамға жұғуы мүмкін - Тоғжанов үнді штамы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда анықталған үнді штамы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда анықталған үнді штамы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тоғжановтың айтуынша, қазір дүние жүзінде вирус жұқтырғандар саны кезекті рет артып жатқаны байқалады.

"Оның ішінде аурудың жаңа штамдары да көптеп тарап жатыр. Нұр-Сұлтанда COVID-19-бен ауру деңгейі өсуіне байланысты вирустың мутацияға ұшырау ықтималдығына қатысты скрининг жүргізілгенін білесіздер. Алдын ала нәтижелер бойынша, вирус мутациясы анықталды және ол "дельта", яғни үнді штамы екенін көрсетті. Бұл штамм көрші мемлекеттерде де анықталған болатын. ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес "дельта штамы" дүние жүзінің 74 елінде анықталып отыр", - деді ол. 

Оның сөзінше, коронавирустың бұл штамы басқаларына қарағанда қауіптірек.

"Ол ауруханаға түсу немесе қайтыс болу жағдайын арттырады. Басқа штамдарға қарағанда 60 пайызға көп жұғады. Орта есеппен бір адамнан 5-6 адамға жұғады. Өзіңді қорғаудың оңай жолы бар. Дүние жүзінде басқа тәсілі әлі ойлап табылмады - коронавирусқа қарсы вакцина салдыру керек", - деді Тоғжанов. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда да "үнді" штамы табылды деген қауіп анықталған болатын.

Алматыда қандай штамдар табылды? Ең маңызды сұрақтардың жауабы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети