08 июня 2020 | 12:31

"Өсім жоқ". Министр коронавирус салдарынан Қазақстан экономикасының шығынын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Биылғы болжам бойынша Қазақстан экономикасының өсімі теріс нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы болжам бойынша Қазақстан экономикасының өсімі теріс нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Руслан Дәленовтен карантин кезінде Қазақстан экономикасының шығыны туралы сұралды. Министрдің жауабына қарағанда, биыл еліміздің экономикалық ахуалы қиын болады. Өсім жоқ.

Реклама
Реклама

"Біз былтыр 2020 жылы экономикада 4,1 пайыз деңгейінде өсім болады деп күттік, өздеріңіз білесіздер. Алдын ала жоспарымыз сондай болды. Биыл сәуір айында әлеуметтік-экономикалық даму өсімін нақтыладық. Қазіргі барлық факторды ескере отырып, 2020 жылғы өсім теріс болады деп болжанып отыр. Бекітілген болжамға сәйкес, экономика өсімі -0,9 пайыз болады. Яғни, алғашқы жоспар мен алғашқы болжамды салыстырсақ, 5 пайыз айырма бар", - деді ол.

"Дипломмен ауылға": биыл қанша жас маман баспана ала алады?

Сонымен қатар, Руслан Дәленов коронавирус пандемиясы салдарынан әлем елдері қиын жағдайға тап болғанын атап өтті.

"Барлық мемлекеттің экономикасы осындай мәселелерге тап болды. Экономикалық тегеуріндердің жаһандық сипаты бар. Барлық ел экономиканы қолдау үшін шаралар қабылдап жатыр. Қазір шұғыл кез келген уақытта жағдайдың өзгеруіне дайын болып, тиімді шара қолдану маңызды. Сондықтан дағдарысқа қарсы шаралар, кешенді жоспар қабылданды, арнайы мемлекеттік комиссия бар. Тығыз байланыс орнатылған", - деді ұлттық экономика министрі.

Еске салайық, бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында 2019 жылы ведомствоның атқарған жұмысының есебін айтып, 2020 жылғы жоспарын таныстырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram