РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 августа 2020 | 16:29

"Орны толмас қайғы". Жақсылық Үшкемпіров туралы жылы лебіздер

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: prosports.kz Фото: prosports.kz

Кеше грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды. Еліміздің спорт және қоғам қайраткерлері, Ресей күрес федерациясы әлеуметтік желілерде даңқты спортшының қазасына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Жақсылық Үшкемпіпов туралы жылы лебіздерді ұсынады.


Кеше грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды. Еліміздің спорт және қоғам қайраткерлері, Ресей күрес федерациясы әлеуметтік желілерде даңқты спортшының қазасына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Жақсылық Үшкемпіпов туралы жылы лебіздерді ұсынады.

Жақсылық Үшкемпіровтің студент кезінен үзеңгілес досы, спорттағы серіктесі Қайыртай Оразалинов онымен танысқан кезін еске алды.

"Мен Жақсылықпен 1973 жылы таныстым. Ол кезде Семей зооветинститутының студенті едік. Біз Жақсылықпен ҚазССР, СССР құрама командасында жаттығатын едік. Ірі халықаралық жарыстарда мен оның спарринг-серіктесі болдым. Біз бір-бірімізді үнемі қолдайтынбыз. Оның жеңіске деген ұмтылысы маған үлгі болды. Соның арқасында менің де рух-жігерім артты. Біз оның өмірінің соңына дейін дос болып қалдық", - деді грек-рим күресінен ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы.


Фото: Қайыртай Оразалиновтың жеке мұрағатынан

КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов "қазақ есімін барша әлемге паш еткен ардақты ағамыздың ел спортының дамуына қосқан үлесі өлшеусіз" деп атап өтті.

"Орны толмас қайғы ... Есімі қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылған еліміздің батыр ұлы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан түңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, "Құрмет", "Парасат", "Барыс" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек ері - Жақсылық Әмріәліұлы Үшкемпіров ағамыздың дүниеден өткені қабырғамды қайыстырып, есеңгіретіп тастады... Жақсылық Әмірәліұлы, көпке өнеге боларлық ғұмыр кешті. Адал еңбек пен маңдай терінің арқасында талай белестерді бағындырып, соңына мол мұра қалдырды. Халықтың қошеметіне бөленді. Қазақ есімін барша әлемге паш еткен ардақты ағамыздың ел спортының дамуына қосқан үлесі өлшеусіз", - деп жазды Дәулет Тұрлыханов Instagram желісінде.


Фото: Дәулет Тұрлыхановтың Instagram желісіндегі парақшасынан

"Қонаев көндірді". Жақсылық Үшкемпіров спорттан неге кетпек болған?

Сондай-ақ ол Жақсылық Үшкемпіров "артынан ерген інілеріне үлгі бола білгенін және ағамызға қарап талай жас буын бой түзегенін" жазды.

"Балуандар оның жетістіктерімен жігерленді. Жақсылық Әмірәліұлы, ғұмырының соңына дейін халқымен бiрге болды. Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров ағамыздың өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында мәңгілік сақталады деп сенемін", - деп жазды спортшы. 

Ресейдің спорттық күрес федерациясы Жақсылық Үшкемпіровтің күреске қалай келгенін естелік етіп жазды. 

"Жақсылық Үшкемпіров күреске аяқ астынан келді. Үшкемпіров Семей зооветинститутында "шаңғы жарысы" бойынша баға ала алмады және ұстаз ол үшін басқа - еркін күрес ережелері бойынша басқа студентті жеңу керек деген тапсырма берді. Қиналды, бірақ Жақсылықтың қолынан келді. Осылайша ол күреспен айналыса бастады, бірақ оған грек-рим стилі жақын болды. Финалда қарсыласы Константин Александру (румыниялық грек-рим стилімен күрескен Олимпиада, әлем және Еуропа чемпионы - авт.) болатынын біліп, есеңгіреді және "парадокс" элементімен Олимпиада чемпионы болды. Тек психолог палуанның бетінен ұрып, есін жинауға көмектесті. Үшкемпіров ашуланып, психологқа қарай атылды және оны тек салмағындағы айырмашылық қана құтқарып қалды. Ал осы жағдайдан кейін бірнеше минут өткен соң Үшкемпіров Олимпиада чемпионы атанды. Олимпиада алтынынан бөлек, ол 1981 жылы әлем чемпионатын жеңді. 2014 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында Жақсылық Үшкемпіров Күрес бойынша біріккен әлемнің Даңқ залының құрамына енгізілді", - деп жазды Ресей спорттық күрес федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Не стало Жаксылыка Ушкемпирова... ⠀ Ушел из жизни первый чемпион Олимпиады-80 из борцов Жаксылык Ушкемпиров. Ему было 69 лет. ⠀ Если считать баскетболиста Алжана Жармухамедова (олимпийский чемпион 1972 года) узбеком, то Жаксылык Ушкемпиров – первый этнический казах, ставший олимпийским чемпионом. Борцом он стал случайно. Ушкемпиров не мог получить зачет по дисциплине «лыжные гонки» в Семипалатинском зооветинституте, и преподаватель придумал Ушкемпирову задание – победить другого студента на ковре по правилам вольной борьбы. Пусть с трудом, но Жаксылык справился. Таким образом он и начал заниматься борьбой, но больше по душе ему пришелся греко-римский стиль. Олимпийским чемпионом он стал тоже с элементом «парадокса» – узнав, что его соперником по финалу будет Константин Александру, Ушкемпиров пришел в шок. Привести борца в чувство смог только психолог, начав лупасить его по щекам. Ушкемпиров пришел в гнев и набросился на психолога, которого спасла лишь разница в весовых категориях. А через несколько минут после этого инцидента, Ушкемпиров стал олимпийским чемпионом. Кроме олимпийского золота, он выиграл чемпионат мира-1981. В 2014 году на чемпионате мира в Ташкенте Жаксылык Ушкемпиров был включен в Зал Славы Объединенного мира борьбы. ⠀ Федерация спортивной борьбы России, тренеры и спортсмены сборных команд по вольной, женской и греко-римской борьбе выражают свои искренние соболезнования родным и близким Жаксылыка Ушкемпирова, всей борцовской общественности и всему Казахстану. ⠀ Глубоко скорбим вместе с вами! ⠀ #борьба #олимпиада80 #ЖаксылыкУшкемпиров #скорбим #фсбр

Публикация от WRESTRUS.RU | RUSSIA Wrestling (@wrestrus_ru)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети