ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ноября 2020 | 13:20
Оразалин Ақтөбе облысы тұрғындарының орташа жалақысын айтты
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі орташа жалақыны айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі орташа жалақыны айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Батыс аймақтарындағы басқа өңірлермен салыстырғанда Ақтөбе облысында орташа айлықтың деңгейі едәуір төмен. Орташа жалақы мөлшері - 174 мың теңге. Себебі, әлеуметтік желіде "ондай айлықты қайдан көрдіңіз?" деген сұрақтар болады. Бірақ біздің өңірде өте төмен мөлшерде, 40-50 мың көлемінде жалақы алып жүрген жерлестеріміз бар. Сонымен қатар, өте жоғары 400-500 мың теңге көлемінде жалақы алып жүрген тұрғындар бар", - деді Оразалин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс әкімінің айтуынша, өте жоғары жалақы алатын тұрғындар мұнай, қаржы саласында, ірі өндіріс орындарында жұмыс істейді.
"Өңірдегі орташа айлық 174 мың екенін атап өттім. Былтырмен салыстырғанда (жалақыға қатысты - ескерту) едәуір өсім бар немесе (жалақы - ескерту) 13,4 пайызға жоғары. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", - деп түйіндеді сөзін Ақтөбе облысының әкімі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также