Алматыда ІІМ академиясында өзіне қол жұмсаған курсант Саламат Өтегеновтің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тексеріс жүргізіп жатқан ІІМ жанындағы арнайы комиссия ол курстастарынан түрлі көлемде қарыз алып, букмекер контораларына ақша салғанын анықтады. Бұл туралы ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда ІІМ академиясында өзіне қол жұмсаған курсант Саламат Өтегеновтің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тексеріс жүргізіп жатқан ІІМ жанындағы арнайы комиссия ол курстастарынан түрлі көлемде қарыз алып, букмекер контораларына ақша салғанын анықтады. Бұл туралы ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев академияда курсанттың қаза болуына байланысты кешенді тексеру жүргізіп жатқан ІІМ Махан Есболатов атындағы Алматыда академиясына барды. Тексерістің алдын ала нәтижелері туралы ведомство басшысына арнайы топтың басшысы ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков баяндады. Бұл туралы ведомствоның онлайн-брифингінде айтылды.
"Оның (Айдар Сайытбековтің - ред.) айтуынша, оқу орнының тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы ғана емес, оқытушылар мен курсанттар арасында моральдық-психологиялық ахуал да зерделенуде. Қазіргі уақытта жүйелі ақша жинауды көрсететін өрескел заңбұзышылықтар анықталмаған. Сонымен қатар, курсанттар туыстарының оқу орнындағы қысым туралы хабарламалары да мұқият қаралуда", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайытбеков Саламат Өтегеновтің букмекер контораларында онлайн ақша салғанын және курстастарынан жиі қарыз алғанын айтты.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев комиссиямен Техникалық факультеттің 3-курс курсанты Саламат Өтегеннің өліміне қатысты ІІМ академиясын кешенді тексеру үшін келді. (...) Кешенді тексеру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Соған сәйкес Өтегенов өзінің курстастарынан түрлі көлемде қарызға ақша алғаны анықталды. Сондай-ақ ол букмекер конторында онлайн ақша тіккен. Қазір ата-аналар уәжінің шындығы, академиядағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай тексеріліп жатыр. Министр Өтегеновтің курстастары және педагогтермен кездесті. Оқиғаның құқықтық бағасы сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң белгілі болады", - деді Айдар Сайытбеков.
Еске салайық, Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылған болатын. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді.
Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған. Сол күн ІІМ академиясындағылар Саламаттың ата-анасына қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. 15 желтоқсанда Саламаттың денесі Оралға жеткізілді. 16 желтоқсанда Саламат Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылында жерленді. Журналистер Саламат Өтегеновтің анасымен сөйлескен еді. Бекзат Иманғалиева отбасындағы қиындықтар туралы айтып берді. Анасының айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған, оның ішінде қысқы сессияны тапсыруға 80 мың теңге де сұраған кездер болыпты.
Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза болуына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның барысында қаза тапқан курсанттың туыстары баяндаған барлық дәлел тексерілді.
Тексеріс қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау болмағаны үшін академия басшысы Өмірбай Смайылов қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Саламат Өтегеновтің анасына басқа курсанттардың ата-аналары оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері барын айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!