12 марта 2024 | 12:17

"Өнер ордасы құлағалы тұр". Алматыдағы жер сілкінісінен мәдени нысандар да зардап шекті

Massaget.kz

Н.Сац атындағы жастар мен балалар театрының жағдайы тіпті қиын. 1980 жылы салынған ғимараттың қабырғалары бүлініп жатыр. Зілзала кезінде адамдар қорғанатын, қауіпсіз саналатын қабырғаларға сызат түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жарық 23 қаңтарда, яғни бірінші дүмпу кезінде пайда болды. Сол кезде ұжым әкімдіктен қандай да бір амал жасауды сұраған.

Реклама
Реклама

"Театрымызға күрделі жөндеу жұмысы мүлдем жасалмады. Бүлінген жерлерін өз қаражатымызға жөндеп, жамап-жасқап қоямыз. Қала әкімдігі бір тиын бөлген емес. Бұл мәселені әкімдікке бірнеше рет хабарлап, жағдайды түсіндіріп ресми хат жолдадық. Ғимарат әкімдіктің меншігі саналады. Оның күтіміне, қабырғаларының берік болуына да солар жауапты емес пе?" - дейді театр қызметкері Раиса Иосиф.

Өнер ордасында 230-ға жуық адам еңбек етеді. Театр - кішкентай көрермендердің сүйікті орны. Мұнда қызықты спектакльдер, концерт пен байқаулар ұйымдастырылады. Репертуарын алматылық бірнеше буын көріп өсті, есейді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram