ПОДЕЛИТЬСЯ
20 марта 2020 | 10:43
Өлім шығыны туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүр - Ералы Тоғжанов
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуының алдын алу үшін елімізде қандай шектеулер енгізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуының алдын алу үшін елімізде қандай шектеулер енгізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен үкімет басшысы коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі Алматы, Қарағанды қалаларында тіркелгенін атап өтті.
"Бүгінгі күні елімізде 49 факт тіркеліп отыр. Оның үшеуі Алматы қаласында, екеуі Қарағанды облысында тіркелді. Өлім шығыны туралы әртүрлі әңгімелер айтылып жүр. Республикада ешқандай өлім жағдайы жоқ", - дейді ол үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін төтенше жағдай енгізілген.
"Қазақстан премьер-министрінің жетекшілігімен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгінде өз жұмысын жасап жатыр. Қазіргі таңда үкімет тәулік бойы жұмыс істеуде. Маңызды, нақты шешімдер бір-екі күннің ішінде қабылданды. Оның негізгі мақсаты - коронавирус індетін еліміздегі басқа өңірлеріне таралуын тежеу", - деді үкімет басшысының орынбасары.
Осы орайда ол коронавирусқа байланыста елімізде қандай шектеулер енгізілгеніне тоқталды.
"Біріншіден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-сі сағат 00:00-ден бастап, аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22 наурызға дейін адамдар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуіне немесе кетуіне болады", - деді Тоғжанов.
Екіншіден, үкімет басшысының орынбасары өндіріс тауарларын сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылғанын айтты.
"Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Үшіншіден, Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында меншік түріне қарамастан барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді ол.
Ералы Тоғжанов бұл шаралардың негізгі мақсаты - әр азаматтың үйінде болуын, басқа адамдармен қарым-қатынасты толығымен шектеу екенін айтты.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.
Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.
Показать комментарии
Читайте также