РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 июля 2024 | 08:22

Олимпиадаға баратын спортшылардың киімі наразылық тудырды. Формаға қанша жұмсалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Коллаж Massaget.kz Фото: Коллаж Massaget.kz

Биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарының басталуына 10 күн қалды. Желіде Қазақстан намысын қорғайтын құрама команда мүшелерінің спорт киіміне қатысты наразылық туды. Жұрт назарын Моңғолия құрамасының киімі аударды. Спорт костюміне қанша қаражат жұмсалды? Оған инвестиция кім құйды? Киімнің дизайны қалай таңдалды? Дизайнері кім? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.


Биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарының басталуына 10 күн қалды. Желіде Қазақстан намысын қорғайтын құрама команда мүшелерінің спорт киіміне қатысты наразылық туды. Жұрт назарын Моңғолия құрамасының киімі аударды. Спорт костюміне қанша қаражат жұмсалды? Оған инвестиция кім құйды? Киімнің дизайны қалай таңдалды? Дизайнері кім? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

10 шілдеде Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырған еді. Содан бері желіде бұл форма қызу талқыға түсті. Бірі оны Моңғолия формасынан әлдеқайда артта қалған десе, енді бірі оның сапасы мен заманауилығына мән берген.

"Жоқ, бұл қайық жұмыскерлерінің немесе теннис матчіндегі төрешінің униформасы емес. Бұл - Қазақстан құрама құрамасының ресми формасы. Мұнда оны шенеуніктердің галстугіне ұқсас көк галстук те құтқарып тұрған жоқ", - деп жазған желі қолданушысы. Ол Моңғолияның формасымен салыстырған.

Бұған дейін Парижде өтетін олимпиадаға арналған форманың дизайнына қатысты конкурс өткізілген. Конкурсқа 15 қатысушы өз жұмысын жіберген. Олардың ішінде танымал дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы да бар. Олар әлеуметтік желіде өздерінің жұмысын көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHSAKEN (@zhsaken)

Бұл - Сәкен Жақсыбаевтың ұсынған форма үлгісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHSAKEN (@zhsaken)

Massaget.kz тілшісі бұған қатысты Туризм және спорт министрлігіне сауал жолдады. Олардың айтуынша, форма дизайны тендер негізінде емес, конкурс негізінде анықталған.

"Ешқандай тендер болған жоқ. Форманың дизайнына конкурс қана болды. Конкурс 2 кезеңнен тұрды. 3 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар: салтанатты олимпиадалық форма, спорттық олимпиадалық форма және Ту ұстаушыларға арналған олимпиадалық форма. Олар киімді тіккен жоқ, олар форманың дизайнын ұсынды. Форма жеке инвесторлардың арқасында тігілді", - деді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі.

Конкурс жеңімпаздары кім? Олар туралы не белгілі?

  • "Салтанатты олимпиадалық форма" номинациясы бойынша "Эксклюзив студио" ЖШС;
  • "Спорттық олимпиадалық форма" (спорттық костюм) - Health&Sport ЖШС;
  • "Ту ұстаушыларға арналған олимпиадалық форма" - "Эксклюзив студио" ЖШС.

Жеңімпаздарды кім іріктеді? Комиссия құрамында кім болды?

Олимпиадалық форманың дизайны арнайы комиссияның шешімімен бекітілген.

Комиссия құрамында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері болды. Бұл құрамда Елдос Сметов, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов сынды спортшылар да бар.

Форма дизайнындағы ерекшеліктер қандай?

Салтанатты олимпиадалық форма мен Ту ұстаушыларға арналған олимпиадалық форманың эскиздері жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған. Сондай-ақ, ұлттық мәдениет пен дәстүрді бейнелейтін ұлттық ою-өрнектердің, түстер үйлесімін және басқа да рәміздердің элементтерін қамтиды.

Олимпиадалық форманы тігу барысында ауа райына сәйкес келетін, ылғал сіңбейтін жеңіл және ауа өткізетін заманауи жоғары технологиялық материалдар пайдаланылды.

Форманы әзірлеу кезінде не ескерілді?

Айта кетейік, форманы әзірлеу кезінде жасанды интеллекті қолданылған.

  • басқа елдердің тәжірибесі;
  • ұлттық ерекшеліктер;
  • заманауи сән трендтері;
  • алдыңғы Олимпиадалармен салыстырғанда форманың бірегейлігі;
  • Қазақстан туының түсіне тәуелсіз болуы;
  • ауа райы;
  • ұлттық бас киім "тақия" қосылды.

Формаға қанша қаражат жұмсалды?

"Олимпиадалық форма толығымен демеушілер қаражатына тігілді. Демеушінің аты-жөні (өзінің сұрауы бойынша - еск.) сондай-ақ, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құпия болып қалады", - делінген жауапта.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети