РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 июня 2020 | 12:01

"Олардың ойы белгілі". Тоқаев митингілер туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында митингілер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында митингілер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бейбіт жиындар мен митингтерге қатысу - Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ре­тінде азаматтардың құқығын толық қамтамасыз ету - менің міндетім. Бұл жөнінде былтырғы Жолдауымда айттым.

Парламент "Бейбіт жиындар туралы" жаңа заң қабылдады. Қоғамдық сараптамадан өткен аталған заң - менің ойымша, еліміздегі демократия­ны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам. Енді бейбіт жиындарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті. Осындай жиындарды өткізу үшін бірқатар арнайы орындар бөлінді. Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Сондай-ақ олар Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет. Бұл - қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде болған соңғы оқиғаларды ескеру керек", - дейді Тоқаев. 

Президент халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан грант алатын кейбір азаматтарымыз қабылданған заңды негізсіз сынайтынын айтады. 

"Олардың пікірінше, Қазақстанда "Митингке қашан шығамын? Кіммен шығамын және қай жерде өткіземін? Яғни өзім білем" деген жүгенсіздік қағидаты болуы керек екен. Әсіресе солардың митингіге шетел азаматтары мен кәмелетке толмаған балалардың қатысуын талап етуін шектен шыққандық деп санаймын. Олардың ойы белгілі. Ондай адамдарға тыныштық пен тұрақтылық қажет емес. Ал біз қарқынды дамы­ған, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанды сақтауымыз керек. Халық ең алдымен ел іргесінің берік­тігін терең жауапкершілікпен сезінуі керек. Сонымен қатар мемлекет өз азаматтарының заңды талаптарына құлақ асуға, қаржылық және құқықтық мүмкіндіктер аясында оларға жәрдем беруге міндетті.

Жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру керек. Мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология са­ласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егер жұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдарламамда айтқан болатынмын. Сонда митингтің де қажеті болмай қалады. Соңғы кездері елімізде "митинг­шілдік" белең алуда. Көбінесе азаматтарымыз сырттағы біреулердің арандатушылық ұрандары­на еріп жүр. Бұл - аймақтық бәсекелес­тік күшейіп келе жатқан халықаралық аренада Қазақстан­ды ың­ғайсыз жағдайға қал­дырып отыр", - дейді Президент. 

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасында экономикалық бәсе­келестіктің де барын айтты. 

"Қазақстан мен Өзбекстан - Орталық Азиядағы ең ірі мемлекеттер. Екі ел арасында кең ауқымды ын­тымақтастық артып келеді. Бұл жерде экономикалық бәсе­келестіктің де болатынын жоққа шығармаймыз. Осы жағдайларды әрқашан есте ұстау керек. Қазақстан өзінің көшбасшылық позициясын сақтап қалуға міндетті. Ол үшін елімізде тұрақтылық болуға тиіс. Егер ішкі мәдениетімізге салсақ, ол тұрақтылықты күштік құрылымдар емес, бірінші кезекте халықтың өзі қамтамасыз етуі қажет.

Бірақ бұл мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды тоқтатып қою керек дегенді білдірмейді. Қайта оны ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажет. Бұл орайда Өзбекстанның тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар өздеріне тән жайлы мінезіне салып, ұрандатып-шулатпай-ақ, қажет кезінде орыс тіліне де жүгіне отырып, тіл мәселесін толық шешіп алды. Менің таңғалатыным, Өзбекстанның мемлекеттік органдарында әлі күнге дейін орыс тілі қолданылады. Тіпті олардың тұтас тарихында да осылай болған. Өзбектер қоғамдық қатынастарды саясиландырмай, еңбек пен саудаға басымдық беріп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан қазір Орталық Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналды. Сондықтан ұлы Абайдың өзбек халқына қатысты айтқан парасатты ой-пікірі қазіргі технология ғасырында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз. Өзбектер саясатқа құмар емес, олар еңбек еткенді құптайды. Бұл ел көшеде ұрандатып шеруге шығып жүрген жоқ. Қайта жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатыр", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети