ПОДЕЛИТЬСЯ
17 марта 2020 | 11:42
"Олар қиын жағдайда". Үкімет басшысына кәсіпкерлер қандай шағымын айтты?
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерден қандай шағымдар түсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерден қандай шағымдар түсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін үкімет отырысында Абылай Мырзахметов премьер-министр Асқар Маминге отандық кәсіпкерлердің жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, "Атамекен" ҰКП тарапынан құрылған штабқа 4 мыңнан астам кәсіпкер толғандырған мәселеге қатысты сауал жолдапты.
"Олардың 80 пайызы шағын бизнес, 90 пайызы сауда мен халыққа қызмет көрсету саласынан. Осы салалардағы кәсіпкерлердің негізгі мәселесіне тоқталуға рұқсат етіңіз. 30 пайыз кәсіпкер төтенше жағдай кезінде несиелерін қайтару уақытын созу мәселесін көтеріп отыр. 25 пайызы салық саласын жеңілдетіп беру мәселесін көтерді. Енді ойландыратыны - 17 пайызы. Төтенше жағдай кезінде халықтың сұранысы да төмендеп жатыр", - деді ол.
Басқарма төрағасы бүгінде сауда орталықтары мен тамақ беру салаласында қысқарту жүріп жатқанын атап өтті.
"Барлық кәсіпкер төтенше жағдайды толығымен түсініп отыр. Бізге азаматтардың денсаулығы маңызды. Осы саладағы кәсіпкерлердің 17 пайызы штат санын ықшамдау мәселесін көтеріп отыр. Оны біз еңбек министрлігімен ортаға салып, талқылауға дайынбыз", - дейді Абылай Мырзахметов.
Сонымен қатар, ол бүгінде туризм саласы қиын жағдайда екенін ашық айтты.
"15 пайыз шағым туризм саласынан. Қазір бұл сала қиын жағдайда. Туризм саласы жыл басынан бері қиындық көріп отыр. Барлық кәсіпкер төтенше жағдайды соңғы аптада сезсе, олар қиындықты алдынғы тоқсанда көрді. Өйткені, коронавирусқа байланысты туризм саласы әлемде қиындыққа тап болды", - деді төраға.
Оның айтуынша, елімізде бұл салада 80 мыңға жуық адам қызмет жасайды, 6 мыңға жуық кәсіпорын бар. Осы орайда Мырзахметов үкімет басшысынан бұл салаға назар ауруды өтінді.
"Олар қиын жағдайда. Алдағы уақытта сіз тапсырма берсеңіз, қандай көмек көрсетенімізді қарасақ", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін 5,5 мыңнан аса қазақстандықтың демалысқа бару үшін сатып алған турынан бас тартатыны, әуе билеттерінің айыппұлсыз толық көлемде қайтарылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылатыны айтылған.
Бүгінде қанша қазақстандық шетелде демалып жүр?
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13-ке жетті, 11-і Алматы қаласында, екеуі - Нұр-Сұлтанда.
Показать комментарии
Читайте также