31 марта 2020 | 13:11

Оқушылар 4 бағыт бойынша қашықтан білім алады - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап 4 түрлі бағыт бойынша сабақ оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 6 сәуірден бастап оқушылар қашықтан қалай оқитыны туралы ОКҚ онлайн-брифингінде айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап 4 түрлі бағыт бойынша сабақ оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 6 сәуірден бастап оқушылар қашықтан қалай оқитыны туралы ОКҚ онлайн-брифингінде айтып берді.

"Маңызды мәселе - оқушыларға техникалық қолдау көрсету. 5 миллионға жуық оқушы мен педагогке техникалық-методологиялық қолдау керек. 1450 call-орталықтары арқылы оларға кеңес беретін боламыз, - деді Асхат Аймағамбетов.

Реклама
Реклама

Сонымен, мектеп оқушылары мынадай 4 бағыт бойынша қашықтан оқи алады:

1-бағыт. Телевизиялық арналар арқылы оқу және телевизиялық сабақтар. "Балапан" және "Еларна" арналары арқылы оқиды; Мектепте төртінші тоқсанның сабақтары үшін 3360 телевизиялық сабақ керек. 300-ден астамы түсірілді.

2-бағыт. Радиоарналар арқылы оқу. "Қазақ ридиолары" арқылы келісімге келіп, радиосабақтар өтеді;

3-бағыт. Пошта арқылы білім беру. Бізде мыңнан астам елді мекенде 5-10 балалар тұрады және бұл жерлерде мектеп жоқ. Қазір бұл елді мекендерде пошта байланысы арқылы тапсырманы жіберіп, керісінше, орындалған жауаптарын да пошта арқылы алынады;

4-бағыт. Интернет платформа. Қысқа уақыт ішінде интернет платформалар дайындалды. Отандық бірнеше  интернет платформа әзірленді. Мысалы, Moodle, GoogleClassroom. 6 сәуірге дейін білім беретін барлық интернет платформа тегін болады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулға жіберілген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram