РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 июня 2018 | 12:41

Оқушы ҰБТ сұрақтары қаншалықты қиын болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 10 қарашасында Ұлттық бірыңғай тестілеудің өзгертілгенін, яғни жаңа форматпен өтетінін жариялаған. Жаңа форматтағы өзгерістердің ерекшелігі, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқу сауаттылығы бойынша берілген мәтіндерді тұжырымдауға, салыстыру, ойлау сияқты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.


ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 10 қарашасында Ұлттық бірыңғай тестілеудің өзгертілгенін, яғни жаңа форматпен өтетінін жариялаған. Жаңа форматтағы өзгерістердің ерекшелігі, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқу сауаттылығы бойынша берілген мәтіндерді тұжырымдауға, салыстыру, ойлау сияқты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Биылғы тестілеудің базасы тек 50 пайызға жаңартылған, ал сұрақ пен берілетін уақыт өзгерген жоқ. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, 2018 жылдағы сұрақтар қиын болмайды.

"Барлығымыз тыныш, уайымдамай тапсырғанымызды қалаймын. Шын мәнінде сұрақтар қиын емес, көпшілігі. Әр жыл сайын өте көп бала ҰБТ тапсырады, бұған қуаныштымыз. Уақыттарыңыз бар, асығудың қажеті жоқ" - деген еді министр.

Өз кезегінде ҰБТ басталған алғашқы күні тапсырып, 111 балл алып шыққан өскемендік түлек Төлеген Айдосұлының айтуынша, сұрақтар шын мәнінде оңай болған.

"Кеше ҰБТ тапсырдым. Шынымды айтсам бұрында тапсырғандарға қалай болғандарын білмеймін, бірақ мен үшін жеңіл болды. Меніңше жаңа форматты шынымен де жеңілдеу болды. Оқу сауаттылығы деген қосылыпты. Міндетті тапсыратынымнан бөлек таңдау пәнімде де оңай сұрақтар болды. Таңдаған пәнім, ағылшын тілі мен география пәндері болды. Аудармашы болғым келеді. Сұрақтарға келер болсам, осыған дейін дайындалып жүрген дәл тестілеулердің сәл өзгертіп қойғаны болмаса қиын түгі жоқ болды. Анам айтпақшы, оқысаң оңай екен", - деді Өскемен қаласының "№11 мектеп-гимназиясының" оқушысы Төлеген Айдосұлы.

Төлегеннің айтуынша, тест тапсырып шыққандардың көңіл-күйі әрқандай болды. Біреуі ата-анасын көріп, көз жасына ерік берсе, біреулері тест нәтижесін көңілін түсіріп жатты.

ҰБТ-ға дайындайтын педагог, "Қазақ тілі" пәнінің мұғалімі алматылық Әбдіғали Көпірәліұлының пікірінше, жеңіл форматтағы сұрақтар оқушының білім деңгейін емес, балаларды терең білім алудан алшақтатып, жауаптарды тек жалаң жаттауға бағыттайды.

"Бұл мәселе соңғы жылдары жиі талқыланып, әңгімеге арқау болды. Мұндағы басты мәселе "Қазақ тілі" пәнінің нәтижелеріне байланысты еді. Сондағы түпкі мақсат - мемлекеттік тіліміздің дәрежесін қалай биіктетіміз деген сауал көкейде тұрды. Ол мәселе баспасөз беттерінде де қозғалды. Енді қарап тұрсаңыз бәрі өзгерген, бәрі басқаша. Мақсатымыз оқушылардың білім деңгейін емес, қорқыту үшін, ҰБТ мәселе аясында дау тудыру үшін жасалатын секілді. Қазақ тілін, ұлттық тіліміздің деңгейін тексеру жайына қалды. Оқушылар емтиханда келетін тестті жалаң жаттап алуға бейімделіп бара жатыр. Бастапқыда ұстанған бағытымыздан адасып кеткен секілдіміз. Бұрынғы тесттердің сұрақтарына оқушылар тұрмақ, мұғалім болып мен жауап бере алмайтынмын. "1988 жылы ет бағасы қанша тұрды?", "Қасым ханның бір аяғы екіншісінен қаншалықты үлкен болды?" деген миға кірмейтін сұрақтар бар еді. Бірақ қазір қайта ризамын. 2016 жылдан бастап оқушылар логикалық тұрғыдан келген сұрақтарға ойланып, зерделеп жауап беріп жүргеніне қуандым. Биыл тапсырып жатқан ҰБТ оқушыларына тек сәттілік тілеймін. Ең бастысы өздерің үшін оқыңдар, тест білім деңгейлеріңнің көрсеткіші емес", - деді Әбдіғали Көпірәліұлы.

Осы жылы ҰБТ тапсыратын мектеп түлегі Алиманың ойынша, ҰБТ деген атауының өзі тектен тек емес. "Барлығы оқушының өзіне байланысты, оны сен жай көз жүгіртіп жаттайсың ба, әлде болашағыма керек деп өзің үшін оқисың ба - өз таңдауың.

"Мен биыл ҰБТ тапсырамын. Жыл сайын дау шығып, оған емтихан ретінде емес, Ұлттық Бірыңғай сөз таластыру, дау шығару деп қарайды ғой деймін. Иә, ҰБТ жүйесі жайлы дау көп, ондай жыл сайын болып тұрады, бұл үрдіс болады да. Менің осы жылғы форматтағы сұрақтарға көңілім толды. Барлығы логикаға құралған. Жаттап я болмаса қобалжудың қажеті жоқ. Ары кетсе бір сұраққа жарты минут қана ойланасың. ҰБТ-ға дайындықты 10-сыныптан бастап қолға алғанды дұрыс деп есептеймін. Әсіресе, Қазақстан тарихы, математика, сонымен бірге таңдау пәнінен дайындықты ерте бастаған жөн. Түсінемін, барлық оқушының қабілеті бірдей емес, дегенмен де оқушы ең бастысы өзіне жүктелген міндетті сезініп, жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр оқушы жетістікке жету үшін еңбектенуі керек, оқушыны өсіретін де, көзделген межеге жеткізетін де - еңбек", - дейді түлек.

Еске салайық, кеше, 20 маусымда Қазақстанда мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған еді. ҰБТ елімізде осымен 15-ші рет өтіп жатыр. 2017 жылдан бастап тестілеу форматы өзгергенін айта кетейік. Енді сынақ жоғары оқу орындарына түсуге емтихан әрі білім беру гранттарын алу механизмі ретінде қарастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети