РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 июля 2020 | 11:36

Нұр-Сұлтанға басқа өңірден келген жас мұғалімдерге жатақхана беріледі

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанға басқа аймақтан мұғалім болып келетін жас мамандарға жатақхана беріледі. Бұл туралы қаладағы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанға басқа аймақтан мұғалім болып келетін жас мамандарға жатақхана беріледі. Бұл туралы қаладағы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, елордада өткен оқу жылының соңында 842 мұғалімге қажеттілік болған.

"Оқу жылының соңына педагогикалық кадрға деген қажеттілік 842 адамды құрады. Негізінен бұл - орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, ағылшын тілі, дефектологтар, логопедтер, сонымен қатар мектепке дейінгі арнаулы білімі бар тәрбиешілер қажет болып тұр", - деді ол әкімдіктің Facebook парақшасында өткен онлайн-брифингте.

Ол білім беру ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша қалада жол картасы бекітілгенін атап өтті.

"Оның аясында республикалық ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді елордаға педагогтарды тарту үшін университет түлектерімен онлайн кездесулер жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Мектептеріміздің басшылары, балабақша меңгерушілері онлайн еңбек жәрмеңкелеріне қатысып, enbek.kz порталында үміткерлерді қарастырып жатыр", - деді басшы.

Шолпан Қадырова басқа аймақтардан келетін жас мамандар үшін арнайы жатақханадан орын берілетінін айтты.

"Биылдан бастап жаңалығымыз бар. Білім басқармасының сайтында бос жұмыстарының HR кадрлық порталы ашылды. Онда білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге ынталы кез келген адам бос жұмыс орындарына тіркеліп, өтініш бере алады және басқа өңірлерден келген жас мамандарға 2019 жылы ашылған жатақханаға жолдама алуға болады", - деді ол.

Еске салайық, биыл білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын қашықтан бастайды. Алайда бастауыш сынып оқушылары үшін арнайы кезекші сыныптар ашылып, онда 10-15 бала оқиды. Кезекші сыныпқа бару үшін ата-аналар арнайы өтініш жазу керек.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 71 838-ге жетті. 43 401 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети