РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 ноября 2020 | 14:48

Нұр-Сұлтанда тұрғындар наразы болған көпқабатты үйге қатысты шешім шықты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар көпқабатты үйдің құрылысына қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар көпқабатты үйдің құрылысына қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында тұрғындар көпқабатты үйдің құрылысына наразы болып, орнына мектеп немесе оқушылар сарайын салуды талап еткен. Олар әлеуметтік желіде парақша ашып, мәселені қоғам талқысына салды.

Бүгін #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев аталған жерге мектеп те, көпқабатты тұрғын үй де салынатынын айтты. Сонымен қатар, бұл аумақта саябақ болады екен.

"Көпқабатты тұрғын үй кешені салынады. Соның қасында бір аусыммен оқитын 900 орындық мектеп салынады. Ал оқушылар сарайы бойынша қазіргі таңда белгіленген жер бар, сол жағалауда. Ендігі жылы салынады", - деді басқарма басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети