Нұр-Сұлтанда көктемгі мезгілде су тасқыны қаупі бар аймақтар айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда көктемгі мезгілде су тасқыны қаупі бар аймақтар айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров қалалық әкімдіктің баспасөз мәслихатында айтты.
Есен Байыровтың сөзінше, жалпы қаладағы 29 аймақ су тасқыны қаупі бар аймаққа жатады.
"Біріншіден, Ильинка тұрғын үй алабы. Ол жерде 8,5 шақырым бөгет бар. Бүгінде бөгеттің жағдайы тексеріліп, сол жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Есіл өзенінің жағасындағы Көктал-1, Көктал-2-де өзеннің өту тосқауылдарына бекеттер жасалып жатыр. Судың көлемі асып кетпеуі үшін алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, 29 аймақты атап өткенде, қаланың ішінде кейбір жерде су көлемі көтерілуі болады, сол аймақтар. Негізі барлық жер бақылауда тұр. Негізгі екі аймақты қарап, бақылауға аламыз", - деді Есен Байыров.
Байыровтың сөзінше, Нұр-Сұлтанға жетпей қадағалап отыратын контрбақылау аймақтарына адамдар қойылған. Кезекшілік жұмыстары жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!