17 марта 2020 | 15:26

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адамға қатысты мәлімет шықты

Фото: ОКҚ

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған 14 адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған 14 адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 17 наурызда Нұр-Сұлтанда 14 қазақстандықтың коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 адам қалалық ауруханада, жұқпалы аурулар бөлімінде болды. 4-уі Италия мен Оңтүстік Кореядан рейстен түсірілді. (...) Олардың жағдайы қанағаттанарлық".

"Бір науқас ЖРВИ диагнозымен инфекциялық блокта болған, тексеру барысында коронавирус анықталған. Жағдайы орташа ауыр", - деді ол.

Реклама
Реклама

Ал қалған 9 адамның ауруды жұқтырғаны мониторинг жүргізу барысында анықталған.

Сондай-ақ, ол қауіпті дертті жұқтырған барлық азамат Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық стационарына жатқызылғанын атап өтті.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 27 адам коронавирус жұқтырған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram