РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 ноября 2020 | 16:41

Нұр-Сұлтанда жастарға жалға пәтер беруге құжат қабылданады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда 29 жасқа дейінгі жастарға жалға пәтер беру бағдарламасына 1-6 желтоқсан аралығында құжат онлайн қабылданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда 29 жасқа дейінгі жастарға жалға пәтер беру бағдарламасына 1-6 желтоқсан аралығында құжат онлайн қабылданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елбасының тапсырмасымен Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы жұмысшы жастарға 2050 пәтердің кілтін табыстадық. Биыл пандемия жағдайына байланысты 350 пәтерді жастарға табыстау жоспарланып отыр. (...) Жобаның негізгі мақсаты - жастарға мотивация беру. Екіншіден, жастар 5 жыл ішінде жалға берілетін пәтерде тұрып, өз үйіне ақша жинау", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Негізгі қағидалары:

  1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер бойынша құжат тапсыратын азаматтардың жасы 29-дан аспаған; 
  2. Жұмыс істейтін азамат;
  3. Нұр-Сұлтанда тұратыны туралы анықтама;
  4. Меншігінде баспанасы жоқ;
  5. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде немесе басқа банкте тұрғын үй депозиті бар;
  6. Соңғы алты айда 111 120 теңгеден, яғни 40 АЕК-тен төмен емес кірісі болуы керек.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Қабдешованың айтуынша, құжаттар 1-6 желтоқсан аралығында онлайн қабылданады.

"Әкімшіліктің astana.gov.kz сайты арқылы онлайн тапсырылады. Ең басты қажет құжат - ЭЦҚ (ЭЦП - ред.), яғни сіз негізгі талаптарға сай келетін болсаңыз, бағдарламаға қатысуыңызға болады. Іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі", - деді Арманай Қабдешова. 

Сондай-ақ баспасөз хатшысы қандай жағдайда қосымша ұпай қосылатынын атап өтті.

  • Сіздің отбасыңыз, балаларыңыз бар болса, балл қосылады;
  • Жеке ісіңіз, кәсібіңіз болса, мемлекеттік қызметте еңбек етсеңіз, балл қосылады;
  • Қандай да бір жеке наградаларыңыз, жетістіктеріңіз, грамоталарыңыз болса, балл қосылады;

"Негізі 350 пәтер беріледі. Қордай - Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында және Абылай хан мен Момышұлы даңғылдарының қиылысында орналасқан үйлерден беріледі. 31-47 шаршы метр аралығында бір бөлмелі пәтерлер жалға беріледі. Іріктеу отбасы мүшелерінің санына қарай жүргізеледі. Яғни отбасында адам көп болса, онда үлкендеу пәтер беріледі", - деді Арманай Қабдешова.

Құжаттар тізімі:

- Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің куәліктері;

- Дипломның сканерлерген көшірмесі;

- Неке қию туралы куәлігі;

- Балалардың туу туралы куәлігі;

- Қазақстанда сіздің, жұбайыңыздың және балаларыңыздың атында мүлік жоқ екені туралы анықтама;

- Жұмыс орнынан анықтама; Егер сіз мемлекеттік органда жұмыс істейтін болсаңыз, сол мекеменің бланкінде берілген анықтама болу керек;

- Еңбек қызметінің бүкіл уақыты үшін зейнетақы аударымдары туралы анықтама;

- Мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік қызметкерлердің тізімін ұсыну керек;

- Банкте шоттың бар болуы және сондағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы анықтама керек;

- Өтініш берушінің жетістіктері бар болған жағдайда онда жетістіктері жайлы грамота, сертификат т.б. салуға болады;

- Егер сіз соңғы алты айда демалыста немесе ауырып қалған болсаңыз, сол туралы анықтама салу керек;

- Егер 42 500 теңге жәрдемақы алған болсаңыз, сол ақша қай шотқа түсті, сол жәрдемақының қозғалысы туралы анықтама беру керек. Мысалы, шілде айында түскен болса, сол туралы керек. Осындай анықтама болса, біз сіздің үш ай жалақы алмағаныңызға назар аудармаймыз. Егер 42 500 теңге алғаныңыз туралы анықтамаңыз болмас және сол уақытта табыс түспеген болса, онда сізде 6 ай үздіксіз табыс болды деп есептелмейді. 

"Барлық сұрақ бойынша 109 нөміріне хабарласуға болады. Біз құжаттарды қабылдағаннан кейін бірден сіздің телефон нөміріңізге құжаттарды қарастыру мерзімі туралы хабарлама жібереміз. Я болмаса, құжатыңызды толықтыру керек немесе қарастырудан бас тартты деген секілді хабарлама жолдаймыз. Негізінен қарастырылмаудың басты себебі - атыңызда мүлік болса, мекенжай анықтамасы болмаса, жасыңыз келмеу. Егер құжат толық болмаса, құжатты түзетуге бір күн уақыт беріледі. Сол уақытта жеке кабинетіңізге қайта кіріп, құжаттарды толықтыра аласыз", - деді Арманай Қабдешова.

Еске салайық, 2019 жылдан бастап Елбасының тапсырмасымен жастарды қолдау мақсатында Нұр-Сұлтанда 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға 5 жылға жалға пәтер беріледі. Олар осы уақытта өз үйі үшін ақша жинау керек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети