Нұр-Сұлтан қаласында карантиннен кезеңмен шығу аясында кейбір сала нысандары жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласында карантиннен кезеңмен шығу аясында кейбір сала нысандары жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен кәсіпкерліктің кейбір түрі бірінші кезеңде жұмысын бастады. Олар 20 сәуірде жұмысын жалғастырды. Біріншіден, өнеркәсіп-индустриалды кәсіпкерлік. Бұл салада 20 мыңнан астам адам жұмысқа шықты. Екінші - құрылыс саласы. 20 сәуірге дейін 978 нысанның құрылысы тоқтаған болатын. Тек 153 нысанның құрылысы қажеттілігіне қарай жалғасқан еді. 20 сәуірден кейін бірінші кезеңде 500-ден астам нысанда құрылыс жұмысы басталды. Құрылыс компанияларының басшылары барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтау келісіміне қол қойылды. Олар жұмысшыларды тасиды, маска, қолғап, антисептик береді, асханадағы үстелдердің арасында 2 метр қашықтықты сақтайды. Талапты бұзған жағдайда нысандар жабылады. Сонымен, бірінші кезеңде, құрылыс саласында 40 мыңға жуық адам жұмысқа шықты", - деді қала әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ спикердің сөзінше, қаладағы көшелерді жөндеу, құрылыс дүкендері, көлік-логистика саласының мамандары жұмысқа шыққан және үйге тамақ жеткізетін мейрамханалардың жұмыс кестесі сағат 22.00-ге дейін ұзарған.
"Үшіншіден, көшелерде асфальт-бетон төсеу жұмыстары жалғасты. Төртіншіден, ауданы 2 мың шаршы метрден асатын құрылыс дүкендері жұмыс істеп тұр. Бесінші, көлік-логистика, ауыл шаруашылығына арналған қойма, сервистік жұмыстар. Бұған дейін бұл сектордың азық-түлік бөлігі жұмысын тоқтатпады. Енді қайта қосылған бөліктерінде 10 мың адам жұмысқа кірісіде. Алтыншыдан, карантиннің басында мейрамханалардың жұмысы сағат 10.00-20.00 аралығында болса, қазір 22.00-ге дейін ұзарды. Тамақ жеткізеді. Жетіншіден, жеке көмекші қызмет саласы - химиялық тазалау, ТҚСО, дөңгелек жөндеу, көлік салондары, арнайы техниканы жөндеу, көлік жуу бекеттері жұмыс істеп жатыр. Бұл салада 6,5 мыңнан астам еңбек етеді", - деді ол.
Ал, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлеміндегі төлемақыны алу үшін 25 мың адам екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінген. Сондай-ақ енді нотариустар жедел штабқа өтініш жіберіп, қызметіне кірісуіне болады. Бүгінде нотариустардан 16 өтінім түскен.
"Сегізіншіден, екінші деңгейдегі банктер жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, штаттағы қызметкерлердің 50 пайызы қысқарған жұмыс күні режимінде сағат 17.00-ге дейін қызмет етеді. 22 сәуірдегі жағдай бойынша арнайы төлемақы алуға шот ашу үшін 25 адам банктерге жүгінген. Оның ішінде 10 мың адам алып жатыр, 15 мың 20 сандық банк шотын ашқан. Тоғызыншы, нотариустар өтініш берсе, жұмысқа шыға алады. Бүгінде штаб 16 өтінім түсті. Қарастырып жатырмыз", - деді ол.
"Осылайша, Нұр-Сұлтанда бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 80 мыңнан астам адам жұмысқа шықты", - деп түйіндеді Бақтияр Мәкен.
Еске салайық, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін созылды. Бірқатар аймақта карантин режимі енгізіліп, бірқатар саланың жұмысы тоқтатылған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!