РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 мая 2020 | 14:08

"Індетті тоқтату мүмкін емес". Коронавирустың екінші толқыны туралы болжамдар

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Tengrinews.kz Көрнекі сурет. Фото: Tengrinews.kz

Дүние жүзінде СOVID-19 вирусын 5,5 миллион адам жұқтырды. 2 миллионнан астам науқас айықса, 346 150 адам аурудан көз жұмды. Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің таралу қаупі әлі бәсеңдемегенін, коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты сарапшылар мен қазақстандық мамандардың пікірін біліп көрді.


Дүние жүзінде СOVID-19 вирусын 5,5 миллион адам жұқтырды. 2 миллионнан астам науқас айықса, 346 150 адам аурудан көз жұмды. Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің таралу қаупі әлі бәсеңдемегенін, коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты сарапшылар мен қазақстандық мамандардың пікірін біліп көрді.

"Індетті тоқтату мүмкін емес"

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович әлемде COVID-19 вирусының екінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Маманның айтуынша, коронавирустың бірінші толқыны болған елдерде екінші толқын да болуы мүмкін. Сондықтан халық инфекцияның қауіпті екенін түсініп, сақтық шарасын сақтауы керек.  

Мелита Вуйнович COVID-19 вирусы әлемнің барлық жеріне жетпей оны тоқтату мүмкін емес деген пікірде. Ол қауіпті індетті адамнан адамға тарау қаупін төмендетуге болатынын айтады. Ал бұл эпидемияға қарсы қабылданатын шараларға байланысты. 

Маман шектеу шаралары вакцина пайда болғанға дейін алынбайтынын атап өтті.

"Қайта өршуі мүмкін"

ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламаның директоры Майкл Райан коронавирус жұқтыру дерегі азайған елдер бақылауды әлсірететін болса, індеттің екінші толқыны болуы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның пікірінше, салдарынан вирус қайта өршуі мүмкін. 

"Екінші толқынға дайындалуымыз керек"

Ол әлемде COVID-19 вирусының бірінші толқыны әлі аяқталмағанын жеткізді.

"Пандемияның екінші толқынына қатысты "әуелі өсім, содан соң төмендеу байқалып, кейін бірнеше айдан соң індетті жұқтыру дерегі қайта көбеюі мүмкін" деген классикалық түсінік бар. Бірақ біз індеттің кез келген сәтте өршіп кету қаупі бар екенін есте сақтауымыз керек. Қазір қандай да бір қорытындыға келе алмаймыз, әлемде науқастар саны азайып жатқанда, біз екінші толқынға дайындалуымыз керек", - деді Майкл Райан.

Маман коронавирус пандемиясының екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі мүмкін екенін де атап өтті. 

Президенттің кеңесі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та коронавирус екінші толқыны болуы мүмкін айтып, қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берген болатын

"Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін. Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

"Үйде отыру керек"

Оның пікірінше, COVID-19 вирусынан сақтану үшін үйде отырған дұрыс.

"Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл - ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет", - деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде індет қайта өршіген жағдайда үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайтынын атап өтті.

"Күзде басталады"

24 сәуірде отандық эпидемиолог ғалымдар коронавирустың екінші толқыны күзде басталады деп болжам жасады. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлады.

"Маусымдық болжамды әзірге ешкім жоққа шығарған жоқ. Бұл тұмау маусымы сияқты қатты болмайды. Індет жазда да, күзде де жалғасады деген болжам жасалып отыр", - деді Асфендияров атындағы ҚҰМУ-дің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өткен бейнеконференцияда.

Мамандар індеттің екінші кезеңі Қазақстандағы тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келуі мүмкін екенін жеткізді. Олардың пікірінше, тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс, бұл өте маңызды.  

"Екінші толқынын күтіп отырмыз"

19 мамырда Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова да мұндай болжам бар екенін ашық айтты.

"Біз күзде коронавирустың екінші толқынын күтіп отырмыз. Бірақ қандай шаралар қабылданатыны сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешіледі. Қандай да бір карантиндік шаралар қолға алынуы мүмкін, алайда ол індеттің таралуына байланысты", - деді Бюрабекова министрліктің Facebook желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Еске салайық, елімізде төтенше жағдай 16 наурызда жарияланып, 11 мамырға дейін созылды.

Төтенше жағдай аяқталғанмен, өңірлерде карантин әлі де сақталған. Облыстар мен қалаларда шектеу шараларының алынуы коронавирус жұқтыру өсіміне байланысты шешіледі.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 969-ға жетті. 4 515 науқас дертінен айықты, 35 адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети