Jysan компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы - Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу Елбасына хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Jysan компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы - Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу Елбасына хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хатында ол Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Жеке өз атымнан және Jysan компаниялар тобының ұжымы атынан сіздің денсаулығыңыз үшін алаңдаулы екенімді жеткізіп, тезірек сауығып кетуіңізді шын көңілмен тілеймін.
Өкінішке қарай, COVID-19 пандемиясы дүние жүзіне қауіпті екенін байқатты. Қанша сақтансақ та, бұл індет Қазақстанда айналып өтпеді. Дегенмен, осы қиындықты да елімізбен бірге міндетті түрде еңсеріп шығамыз.
Орын алған жағдайға қарамастан, еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін еңбегіңізді аямай, жұмысыңызды әрі жалғастырып жатқаныңыз - нағыз ерлік деп білеміз.
Қазақстан халқын талай қиындықтан алып шыққан және бір шаңырақ астына жинаған сіздің қайсар болмысыңыз бен күш-жігеріңіз бұл сынақты да оңай еңсеруге көмектеседі деген сенімдеміз.
Шын көңілден деніңізге саулық, қажымас күш-қуат, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біз сізбен біргеміз, халқыңыз сізбен қашан да бірге!", - делінген хатта.
Еске салайық, бүгін, 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған.