РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 февраля 2020 | 19:16

Мырзахметовтің отcтавкаға кету себебін айтқан видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мырзахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов Асқар Мырзахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты Жамбыл облысы қызметінен кеткен Асқар Мырзахметовтің өз отставкасы туралы мәлімдемесінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты Жамбыл облысы қызметінен кеткен Асқар Мырзахметовтің өз отставкасы туралы мәлімдемесінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мырзахметов оставкаға кету себебі деп моральдық мәселені атаған.

Облысымызда өте ауыр, қайғылы жағдай болды. Бұл жағдай тек жамбылдықтар үшін емес, жалпы қазақстандықтар үшін ауыр болып отырғаны бәріне мәлім. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин - Авт.) қысқаша мәліметті айтты, 170-тен астам адам жарақат алды, ең ауыры 10 адам қаза тапты. Осындай жағдайда облыстың әкімі ретінде жұмысты жалғастыруға мен өзіме моральдық тұрғыда ауыр деп есептедім, сондықтан осы жағдайда Президентке өз еркіммен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Президентке рақмет, шешімді қабылдады", - дейді экс-әкім.

Осыдан кейін ол Елбасы мен Президентке сенімі мен қолдауы үшін алғысын айтты.

"Ең алдымен алғысты Елбасыға айтқым келеді, кезінде осы қызметке тағайындаған Елбасы, сенім білдірді, сол сенімі үшін алғыс білдіремін. Одан кейін Қасым-Жомарт Кемелұлына Президент ретінде Жамбыл облысына, әкімі ретіндегі маған қолдау көрсетті. Соның ішінде бір үлкен қолдау, өздеріңіз жақсы білесіздер - халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруге арналған пилоттық жоба, биыл басталып жатыр. Сол жобаға алғашқы кезде қолдау көрсеткен сол басшылардың бірі Қасым-Жомарт Кемелұлы. Көрсеткен сеніміне және қолдауына үлкен алғысымды білдіремін", - дейді ол видеода.

Жамбыл облысының экс-әкімі берген 9 уәде

Еске салайық, кеше, 10 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мырзахметовтің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған болатын. Бұл қызметке премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылған Бердібек Сапарбаев барған.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 170 адам көмек сұрап келді.

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев кімдерді қызметінен босатты? 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети