РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 ноября 2020 | 13:59

Мұнай зауыты көшірілмейді - Атырау облысының әкімі

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау мұнай өңдеу зауытын басқа жерге көшіру жоспары жоқ. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Атырау мұнай өңдеу зауытын басқа жерге көшіру жоспары жоқ. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Жергілікті тұрғындар Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысына шағымданып жатыр. Зауыт биыл экологиялық заңды алты рет бұзған.

Әкім елдің наразылығын тудырған зауытқа қандай шара қолданылатынын айтып, "зауыт көшіреле ме?" деген сұраққа жауап берді.

"Экология бәрімізді алаңдатады. Облыстағы күрделі мәселелердің бірі деп те айттым. Зауытқа келсек, зауыт қаланың шетінде орналасқан. Оны жақсы білесіздер. Зауыт қайта жаңғырудың үш кезеңінен өткен. Содан кейін жаңа зауыт деп айтуға толық болады демесем де, ондағы технологиялар қазіргі талаптарға сай болу керек. Негізі зауыт еуростандарпен К4, К5 жанармай шығарады. Дегенмен экологияға зардабын тигізеді. Бұзушылықтар анықталды.

1 қарашада осы зауыттан булану алаңдарына толық тазалау өткізбей ағызған төгіндіні байқадық. Соған байланысты, жалпы экологияға байланысты үлкен жиын өткіздік. Ірі компаниялардың, зауыттардың басшыларын шақырып, экологиялық талаптарға сай жұмыс істеу керегі ескертілді. Болған оқиғаға байланысты Экология департаменті тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде зауыт басшысы, "Қазмұнайгаз", министрлік өкілдерімен кездесіп, тиісті шарасын қолданамыз. Зауытты көшіру жоспары қаралып жатқан жоқ. Ондай жоспар жоқ", - деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы ОКҚ онлайн-брифингте. 

Еске салайық, 2 қарашада әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) қалдықты ағызғаны түсірілген видео жарияланған.

"Мені әнәу күні сотқа берем деген АМӨЗ ҚР Президентінің телерадиокешенін де заң алдында жауапқа тартпақшы деген сыбыс естігем, "Ауасы ластанған Атырау" деген деректі фильмі үшін. Менің АМӨЗ-ден ала алмай жүрген өшім жоқ! Тек халықтың қамы ғой. Не масқара мынау?" - деп жазған Instagram қолданушысы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Isker Adam (@iskeradam)

Кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"Мониторинг барысында "АНПЗ" ЖШС-дегі ағынды суларды ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар ағынды су жіберілгені анықталды", - деп жазылды министрліктің Facebook желісіндегі парақшасында.

Мамандар ағынды сулардың сынамаларын алып, оларды экология департаментіне қосымша талдау жүргізуге жіберіліп, зауытқа қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. 

Сондай-ақ зауыт өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берген еді. 

"1 қарашада биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс режимінде ақау болып, ол уақытша биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына өтуіне себеп болды. Бүгінде технологиялық режимді ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, аталған жағдайды тергеуге арналған арнайы мамандар тобы құрылды", - деген болатын зауыт өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети