РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 октября 2018 | 17:49

Мұғалімді оқушы таңдайды: Ұстаздардың пікірі қандай?

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Даниал Оқасов © Даниал Оқасов

Қазан айының бірінші аптасы - елімізде ұстаздар мерекесі. Осы мереке қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі білім беру саласындағы соңғы реформаларға қатысты сол ұстаздардың пікірін білді.


Қазан айының бірінші аптасы - елімізде ұстаздар мерекесі. Осы мереке қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі білім беру саласындағы соңғы реформаларға қатысты сол ұстаздардың пікірін білді.

Білім беру жүйесінде жылда бір өзгеріс болады. Кейінгі кездері ұстаздар қауымы алдағы уақытта мұғалімді оқушылардың таңдап, соған қарай сағат беріліп, еңбекақыларының да соған қарай белгіленетіні туралы айтып жүр. Әзірше бұл жүйе пилоттық тәртіппен белгілі бір мектептерде ғана жұмыс істеп жатыр, алдағы уақытта бұл жүйе барлық мектепті қамтуы тиіс.

Қырғауылды қазақ орта мектебі директорының әдістемелік іс жөніндегі орынбасары Нұркүміс Қасым-Ашимнің айтуынша, ұстазды оқушыға таңдату дұрыс шешім, себебі болашақ тұлғалардың бұған өз құқығы бар.

"Дәстүрлі оқыту Қазақстандағы білім алушылардың жеткілікті академиялық білім алуын қамтамасыз еткен жүйе болатын. Жаңа бағдарлама осы жүйеде үлкен реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалар оқушының саналы түрде өзіне керекті білімді өз бетімен жинақтауына және өзіне білім берушіні таңдауға құқылы етіп отыр. Мектептегі ұстаздарды оқушылардың таңдауы өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі кез келген оқушы өзіне білім беріп отырған ұстаздың қаншалықты өзіне қажетті білім беретінін және оны өзі қалай игеріп жүргенін анықтай алады. Сондықтан осы жүйедегі оқушылардың ұстазды таңдауына оң көзқарас танытамын", - деді Қасым-Ашим.


© РИА Новости

Оның айтуынша, әр ұстазды шәкіртінен басқа ешкім лайықты бағалай алмайды.

"Ұстазды өз шәкірттері ғана бағалай алады. Балалардың бағалауы ұстаз үшін үлкен мәртебе. Егер оқушы өзіне қажетті білімді сол маманнан аламын деп, сол ұстазды таңдап отырса, демек ол өз болашағы үшін зор жауапкершілікті өз мойнына алады. Оқушыға әр ұстаз әр түрлі көзқарас танытып, әр түрлі қарым-қатынас орнатады. Ал оқушы өзіне ыңғайлы, өзіне қажетті білімді беретін ұстазды таңдауға құқылы", - деді ол.

Ал тарих пəнінің мұғалімі Қауия Есбаеваның ойынша, бұл жаңашылдықтың екі түрлі қыры бар. Қаталдықтан қашқан оқушылар біліміне емес, мұғалімінің мінезіне қарай таңдау жасауы мүмкін.

"Соңғы кездері ұстазды оқушы таңдайды деген жаңа реформа туралы жиі айтылып жүр. Менің ойымша, бұл мәселенің екі ұшы бар. Біріншіден, шәкірттің жүрегіне жол салған ұстазды шәкірт міндетті түрде таңдайды. Ұстазын жақсы көрген шәкірт оның сабағын жақсы оқып, жетістіктерге жетеді, оған 40 жылдық еңбек жолымда көзім жетті. Екіншіден, оқушы - ол бала. Бала өзіне жылы қарап, жұмсақ сөздер айтып, тек жақсы баға қойғаны үшін сол ұстазды таңдауы мүмкін. Қаталдықты барлық бала бірдей жақсы көрмейді, алайда кейін өмірдің үлкен жолында сол қатал тәртіптің қаншалықты маңызды болғанын түсініп жатады, оны да осы тәжірибемде көріп келем", - деді Есбаева.


© massaget.kz

Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Ранай Сансызбаеваның айтуынша, ұстазды оқушының өзі таңдағаны дұрыс.

"Ұстазды оқушының таңдауына қарсы емеспін. Себебі өз мамандығын сүйетін, мықты мұғалімді оқушылар әрқашан қолдайды, жақсы көріп, құрметтейді. Адамның асылы ғана ұстаз болады деп ойлаймын. Сондықтан қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ұстазды оқушыға таңдату шешімін қолдаймын", - деді ол.

Ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сара Саламаттың ойынша, оқушының ұстазды таңдау шешіміне база назар аудару керек. Себебі ол баланың білім деңгейіне әсер етуі мүмкін. 

"Әр реформаның жағымды және жағымсыз тұстары болады. Дәл осы, яғни ұстазды оқушыға таңдатуға келгенде біраз мәселеге назар аудару керек сияқты. Егер оқушы ұстазды біліміне қарай таңдайтын болса əрине қолдауға болады. Ал ұстаздың қаталдығынан немесе қоятын талаптарынан қашып, басқа мұғалімді таңдайтын болса əрине дұрыс емес деп есептеймін. Себебі сол қатал ұстаз аса білімді, тәжірибелі, біліктілігі жоғары болуы мүмкін. Егер бала еркіндікті қалап, "еркелеп" жүрсе білімді ұрпақ қайдан келеді? Сонымен қатар, таңдаған оқушының санына қарай сабақ санын белгілеу мәселесі де ұстазға деген құрметке басқаша көзқарас тудырмасына кім кепіл?", - деді Сара Саламат.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети