РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 июня 2020 | 11:41

Молдағасымовамен дау: Надыров оқиғаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кіріскен Қамалжан Надыров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында басқарманың экс-басшысы Айзат Молдағасымоваға байланысты дауға пікір білдірді. 


2 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кіріскен Қамалжан Надыров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында басқарманың экс-басшысы Айзат Молдағасымоваға байланысты дауға пікір білдірді. 

Надыров 15 сәуірде Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері мен Айзат Молдағасымованың пікірін естігенін айтты. 

"Біз осы мәселеге байланысты жағдайдың шиеленісіп бара жатқанын көрдік. Әлеуметтік желіде әріптестеріміз түрлі жазба жазды. Жағдайдың мән-жайын және қазіргі жағдайды түсіну үшін әріптестеріммен кездесу туралы шешім қабылданды. Мені бұл жағдайды шешуге келді деп айту дұрыс емес. Мен сол күні Алматыда облыстағы ауруханаларды тексеріп, жұмыс барысымен ғана болдым.  

"Көктем" санаторийіне келудегі мақсатым - әріптесіміздің бұрыс жүргізген сараптамасына түсініктеме беру. Бұл да бір шиеленіс тудырды. Бірден мәселенің мән-жайын анықтап, бір-бірімізді тыңдадық. Сол күні дау басылған болатын", - деп түсіндірді Надыров. 

Портал тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің осы оқиғаға қатысты тергеуі туралы сұраған. Бірақ Қамалжан Надыров оны министрліктің өзінен сұрау керегін айтты. 

"Меніңше, бұл сұрақты Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қойған дұрыс шығар. Тергеудің мақсаты - кінәлі адамды табу емес. Оның негізгі мақсаты - Орталық қалалық клиникалық ауруханада болған оқиғаның себебін анықтау, дұрыс шешім қабылдап, алдағы уақытта мұндай қателікке бой алдырмау", - деді Надыров. 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, алматылық дәрігерлер Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Айзат Молдағасымованы сотқа бермек болған. Оған Молдағасымованың дәрігерлер қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан жаппай коронавирус жұқтырды деген мәлімдемесі себеп болған.  

Одан бөлек, желіде Молдағасымова өз-өзіне үстемақы жаздырған деген қауесет тарап кетті. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет қызметінің тексеріс жүргізуіне себеп болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети