РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 июня 2021 | 14:04

"Мінез-құлық вирустарымен бетпе-бет келеді". Дәрігерлерді агрессиядан қорғау ұсынылды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Қазақстандық дәрігерлерді агрессиядан қорғау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Айгүл Құспан Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.


Қазақстандық дәрігерлерді агрессиядан қорғау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Айгүл Құспан Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Депутат Құспанның айтуынша, елімізде жедел жәрдем бригадасына жасалатын шабуылдар жиі тіркеледі, алайда оның алдын алатын шаралар пысықталмаған.

"Дәрігерлердің, медициналық және техникалық персоналдың күнделікті сыртқы инфекциялардың қаупімен ғана емес, дөрекілік, қорлау, қоқан-лоқы, тіпті физикалық күш қолдану сияқты мінез-құлық вирустарымен бетпе-бет келетінін бәрі біледі. Мысалы, биыл наурызда Алматы облысында науқастың туысының талаптарын орындамағаны үшін жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан, ал жүргізуші мидың жабық жарақатымен, мидың шайқалуымен және қан кетумен ауруханаға түскен. Жедел жәрдем бригадасы көбіне қауіпті аймақтардан және пәтерлерден келіп түскен жерлерге барады. Олар бірінші кезекте жоғары ауырсыну немесе эмоционалдық шокпен ауыратын науқастармен, алкогольдік мас күйінде немесе есірткінің жоғары дозалануы бар адамдармен кездеседі. Тиісінше, олар пациенттердің өздерінен де, туыстарынан да қатыгездік көріп, агрессияға ұшырайды", - деді депутат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2019-2021 жылдар аралығында елімізде жедел жәрдем дәрігерлеріне жасалған 43 шабуыл тіркелді (2019 жылы - 16, 2020 жылы - 17, 2021 жылы, қазірдің өзінде 10 жағдай).

"Бұл мәліметтер мәселенің шынайы ауқымын көрсетуі екіталай екенін ескеру керек, өйткені учаскелік дәрігерлер, жедел жәрдем дәрігерлері мен жансақтау бөлімінің дәрігерлері бұл туралы үнсіз қалуды немесе айтудан бас тартқанды жөн санайды. Екі жағдайда да біз білікті медициналық көмектен айырыламыз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл, бір жағынан, дәрігерлердің құқықтық сауаттылығының төмендігіне және тиісті жауап алуға дайын болмауына байланысты. Екінші жағынан, бұл әлсіз кәсіби және техникалық қорғаныс", - деді Құспан.

Халықаралық еңбек ұйымының тұжырымдамасы бойынша, денсаулық сақтау қызметкерлері жұмыс орындарында көрсетілетін зорлық-зомбылық бойынша екінші орын алады.

"Шет елдер дәрігерлерді агрессиядан қорғау үшін арнайы шаралар қабылдауда. Мысалы, Польша мен Болгарияда ведомствоаралық процедуралар жақсы жұмыс істейді. Германия мен Вьетнамда дәрігерлер пациенттердің агрессив мінез-құлқымен күресуге дайындалған. Португалияда дәрігерлерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы қызмет құрылды. Медициналық қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бұл елдің денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, жалпы, азаматтарды кәсіби және құқықтық қорғаудың дұрыс жұмыс істеуінің негіздерінің бірі", - деді депутат Айгүл Құспан.

Алматы облысында науқастың күйеуі фельдшерді соққыға жыққан

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети